Заң қабылданды. Ұлттық спорт мектепте оқытылады

3281

Сенаттың жалпы отырысында мәдениет, дене шынықтыру және спорт туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қабылданды.

Заң жобасындағы жаңалықтардың бірі – білім берудің барлық деңгейлерінде дене шынықтыру сабағында ұлттық спорт түрлерінің компонентін енгізу болып отыр.

Құжатта ұлттық спорт түрлерін дамытуға және оларды жас буын арасында мектептен бастап кеңінен насихаттауға ерекше көңіл бөлінген. Алдағы уақыттв бұл салауатты өмір салты идеяларын насихаттауға және дені сау ұлт қалыптастыруға оң әсер етеді деп сенеміз, – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев отырыста.

Заң жобасы сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін және бұқаралық спортты дамыту үшін қалалар мен ауылдарда жағдай жасауды қарастырады.

Бұл құжат әкімдіктерді өңірлердегі балалар мен жасөспірімдер спорт клубтарының желісін кеңейтуге және спортшыларды емдеу мен сауықтыруға арналған медициналық-физикалық диспансерлер санын көбейтуге міндеттейді. Мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы тек халы арасында сұранысқа ие спорт секциялары мен жаттықтырушыларға ғана беріледі.

Бұл заң балаларды жан-жақты дамытуға ықпал ететін мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды орналастыруды көздейді. Мемлекет қаржыландыратын спорттық клубтар мен шығармашылық секциялар мемлекеттік сатып алу негізінде емес, олардың халық арасындағы рейтингіне және сұранысына қарай анықталады, – деді Сенат спикері.

Заң жобасы еліміздегі барлық жас санаттары арасында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықты қамтуды 45%-ға дейін ұлғайтуды көздейді.

Сонымен қатар құжатта ұлттық спорт түрлерін қолдау және өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау тетіктері қарастырылған.

BAQ.KZ

2 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!