Ұмытшақтықтың жазасы

4970

Құнанбай Ағанас батырдың қызын алғаннан кейін, Салпаңқұлақ деген бәйге атын Өскембай би сұратыпты. Оны сұрауға Құнанбайды аттандырады.
— Өскембай қарадан хан болып туып еді, Салпаңқұлақ қарабайырдан тұлпар болып туып еді. Екі сертпен берем, ал, балам , — депті батыр. — Бірінші серт: түнде жауға мініп шықпа. Басы қатты еді, жазым боларсың. Екінші серт: бәйгеге қосқанда, қамшымен ұрып тартпа. Желкесінің кежірі бар, тұрып қалушы еді, — депті де, атты жетектетіп жіберіпті.
Бірде жылқыға жау тиді.
— Манағы сөз қаперімде жоқ. Жауға Салпаңқұлақты міне шаптым, — дейді Құнанбай. — Келсем, жау жылқыны айдап жіберіп, жасанып, жол тосып тұр екен. Салпаңқұлақ бой берместен, тоқтамай, жауға кіріп кетті. Өзім де білмей қалдым, қабырғама біреу найза салып кетіпті. Жығылып қалыппын. Сөйтсем, Барақ төренің төлеңгіті Қарақалпақ Қазыбек деген батыр екен. Сол жығылып жатқанымда, Ағанас батырдың айтқан сөзі есіме түсті. Үйге келіп, бір айдай жатып, әзер оңалдым…

Тоқтар Жақаштың фейзбук парақшасынан

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.