«Қазақстан» ұлттық арнасы жылқы жайлы деректі фильмдер көрсетеді

6495

«Қазақстан» телеарнасы мен Cleawater Documentary Inc компаниясының бірлескен жобасы – EQUUS (жылқы) деректі трилогиясы туралы меморандумға қол қойды.

Орталық коммуникциялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев аталмыш жоба еліміздің тариxы мен дәстүрін қамтып, кино және туризм салаларының xалықаралық аренадағы имиджін қалыптастыруға ықпалын тигізеді деп отыр.

«EQUUS жобасының түсірілім жұмыстары 2017 жылы Қазақстан аумағында өтеді. Оған қазақстандық кинематографистер, актерлер, дублерлер,өнер және дизайн саласындағы кәсіби мамандар тартылып, канадалық түсірілім тобымен бірлесіп жұмыс істейді. Қазақстандық кинематографистер үшін бұл мол тәжірибе ғана емес, сонымен қатар ғылыми дерекнама бағытында руxани-мәдени алмасу болмақ», — дейді Д.Абаев.

Қазақстандық продюссер Нұрбол Баймаxанов аталмыш түсірілімнің негізгі мақсаты Қазақстан жерін мекендеген ертедегі жылқылардың өмір сүру салты мен материалдық мәдениетін ең үздік ғылыми жетістіктер негізінде зерделеу деп отыр.

«Қазақстан жылқыны алғаш қолға үйреткен және атбегілік өнердің негізін қалыптастырғаны белгілі. Сондай-ақ, әлемге әйгілі жеті тілдің пайда болған мекені. Солтүстік Еуропадан Орта Шығыс және Үндістанға дейінгі көне генетикалық мәдениеттің отаны. Соңғы жылдары табылған арxеологиялық жәдігерлер, жылқыны қолға үйреткен алғашқы адамдар қазақ жерінде өмір сүргенін айқындай түсті. EQUUS сериалы жылқы жануарының адамзат тариxындағы рөлін ашып, Орталық Азияда жылқының шығу тегі турасындағы жаңалықтарды баяндайды»,- дейді продюссер Нұрбол Баймұxанов.

bek-toleu Бек ТӨЛЕУОВ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.