Ел чемпионаты. Жартылай финалда ойнайтын командалар белгілі болды

3251

С тобында шешуші ойын Қостанай облысының құрамасы мен Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы арасында өтті.

С тобында – Алматы қаласының құрамасы, Қостанай облысының құрамасы, Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы мен СҚО құрамасы сайысқа түсуде.

«Әулие ата» бұған дейін Алматы қаласының құрамасын 8:0, СҚО құрамасын 15:2 есебімен ұтқан болатын. Бүгін Қостанай облысының балуандарымен тақым түйістірген жамбылдықтар ойынның алғашқы кезеңінде-ақ есепті 8:0-ге жеткізді.

Қостанай облысының құрамасы, команда капитаны – Алдияр Байтасов, жетекшісі – Рыскелді Байтасов.

Жамбыл облысы «Әулие ата» командасы, команда капитаны – Есжан Құрманбай, жетекшісі – Үмбет Күшікбаев, жаттықтырушысы – Есжан Құоманбай.

Ойынның екінші айналымы да шеңберге «Әулие ата» жігіттері апарып салады, оны қостанайлық жігіттер алаң ортасына алып келумен өтті.

Алаң иелері өз жерінде ешкімге дес бермейтінін тағы дәлелдеді. Есеп – 15:1. Жеңіс – «Әулие ата» командасының қанжығасында.

Салым салғандар:

Қостанай облысы құрамасы: Бақдәулет Асанов – 1 салым.

«Әулие ата»: Есжан Құрманбай – 2 салым, Манарбек Дүйсенбиев – 1 салым, Ернат Мәлімбай – 1 салым, Құлажан Тоғайбаев – 1 салым, Болатбек Әлімбетов – 2 салым, Ернар Жарылқасын – 2 салым, Ислам Рәт – 2 салым, Бағлан Ширимбаев – 1 салым, Құрманбек Тұрғанбек – 2 салым.

Естеріңізде болса, бұған дейін, А тобынан Түркістан облысының “Құлагер”, В тобынан Атырау облысының «Нарын» командасы және D тобынан Ақмола облысының “Жекебатыр” командасы үздік шыққанын хабарлаған болатынбыз.

Сонымен, ересектер арасында көкпардан ХІХ кезекті Қазақстан чемпионатының ширек финалына шыққан командалар анықталды. Олар:

Түркістаноблысының “Құлагер” командасы;

Атырау облысының «Нарын» командасы;

Ақмолаоблысының “Жекебатыр” командасы;

Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы

Финалдық ойындар 26 мамыр күні өтеді.

argymaq.kz

buy windows 11 pro test ediyorum

error: Сайттан материал көшіруге болмайды. Сайтта жарияланған барлық ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, оның ішінде авторлық және жанама құқық туралы заңдармен қорғауға алынған.