Баян-Өлгий мұражайындағы алтын ер

4921

Моңғолия қазақтарының ат әбзелдері пішіні, жасалу жолы, қолдану мақсаты, сипаты жағынан моңғол халқының ер-тұрманымен ұқсас болғанымен өзіндік қайталанбас дәстүрі, мәдениеті бар.

er2

Қазақы ер (алдыңғы қасының көрінісі)

Қазақы ердің алдыңғы қасы тік, артқы қасы қиғаш келген, адам еркін отыруға ыңғайлы, жалпақтау келетіндігімен ерекшеленеді. Ұзындығы, ені жағынан моңғол ердің қай түрінен де үлкен.

er1

Қазақы ермен ерттелген атқа мінген қария

Қазақ ерді жасалуы мен пішініне қарай керей ер, найман ер; қолдану сипатына қарай қарапайым және сәндік; мақсатына қарай ер адамға арналған және әйел адамға арналған ер, балаға лайық ер деп бөледі.

er3

Бесік өңгерген әйел

Әйел адамға арналған ер еркек адамның ерінен үлкендеу болады. Себебі әйелдер алдына бесіктегі баласын өңгеріп алып жүруіне қолайлы болу үшін әдейі солай жасалады.

Баян-Өлгий аймағының орталық мұражайында қазақ халқының көшпенді мәдениетінің символы болып есептелетін ер-тұрман сақтаулы тұр. Алтынмен апталған ер жасалуы, дизайны жағынан асқан шеберлікпен жасалған, қайталанбас құнды жәдігер болып есептеледі.

Ердің әшекейлерін темірден жасап, күміспен күптеп, алтынның буына ұстаған және қос айыл, өмілдірік-құйысқан, ноқта-жүген, былғары тоқым, үзеңгі қатарлы әбзелдері бар.

Бұл жәдігер ХХ ғасырдың басында қыздың жасауына ранап жасаған. Кейінірек Баян-Өлгий аймағының Улаанхус сұмынының азаматы Қабдыл деген адам қолданып жүріп Мұражайға тапсырған.

Nurbolat O.Нұрболат Өнерхан, 

Басты суретте музейде тұрған алтын ер

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.