Мұхамет-Салық Бабажанов. Сауран тұқымы

4414

Әйгілі Мұхамет-Салық Бабажановтың бұл мақаласы 1871 жылдың қаңтарында Ресейде жарық көретін «Журнал охоты»-дың 1-2 нөмірінде басылған еді. Түпнұсқада орыс тілінде жазылған мақаланы қазақшаға аудардық.

Осы орайда, оқырман қауымға ескерте кететін бір жай бар. Ол – мақалада «киргиз» деп берілген ұлт атауын argymaq.kz редакциясы «қазақ» деп беруді жөн көрді. Себебі, 19 ғасырда орыстар қазақтарды «киргиз» деп атаған болатын.

Argymaq.kz

Бұл жақта барлық жағынан мықты, ең үздік ат ретінде сауран тұқымды жылқы бағаланады. Тұқымы өте көнеден келе жатқан, тіпті тұқымы тазақанды ретінде сақталмаған мұндай жылқы бүгінгі күні өте аз.

Сауран тұқымы жайлы мынадай аңыз бар:

Әбілқайыр ханның тұсында, осыдан жүз елу жыл бұрын қазақ даласында оңтүстікке көшіп жүрген кіші Орда бір жылы Сырдарияның жоғарғы жағына жайлайды. Бір жағдайдың салдарынан ата-бабамыз ол жерді тастап Сауран деген тауды айналып бетауған жаққа көшеді. Осы таудың бауырынан өте бергенде қазақтардың жылқысына белгісіз бір жылқы қосылады. Қазақтар оны өз аттарына қосып алады. Ол жылқы айғыр болып шығады. Біреулер оны ақбоз ат, енді біреулер қоңыр ат дейді. Қалай дегенмен, екі жақ та оны арғымақ дегенге, яғни, араб-түркімен тұқымдас жылқыға жатқызады.

Қазақтар ол атты сол таудың атымен «Сауран» деп атаған. Бізге де Сауран деген атпен жеткен. Оның тұқымдарын да осылай деп атап кеткен-ді. Барлық жақсы, жүйрік аттарға бұрын да бүгін де Саураннан тараған деп айдар тағады.

Естеріңізге сала кетейік, мақаланың басын мына жерден оқуға болады. Сонымен қатар, бұған дейінгі жалғасы мына жерде. Ал мақаладағы Ішкі Орда атбегілері жайлы жазылған бөлігін мына сілтеме арқылы оқуға болады. Одан бөлек Бабажановтың «Арғымақ — Түркістан жылқысы» атты мақласын да біздің сайттан таба аласыздар.

Мұхамет-Салық Бабажанов,

«Журнал охоты» 1871 жыл

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.