Жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар. Бәсіре ат

12519

Жас балаға арнап ат болатын құлынды атап қою салты болған. Оны ұлы жүз қазақтары мен қырғыздар «бәсіре мал», «баланың бәсіресі» деп атайды. Орта жүз бен кіші жүзде «балаға мал атадық», «балаға ат болсын деп ен салдық» деп атайды, бұларда бәсіре деген термин мүлдем жоқ. Бәсіре берудің бірнеше түрі болған, бірде баламен бірге туған құлын болса соны бәсіре атаған, енді бірде екі-үш жасында бәсіре атайды. 10656607_276619549197641_1082021873_nКөбінде бәсірені баласы ат жалын тартып, міне бастағанда 7-8 жасында белгілейді. Оның өзінде мүмкіндігінше жүйрік, жорға сияқты тәуір тұқымды құлынды таңдайтын. Бәсіре тек жылқыдан қойылады және ол көп емес, біреу ғана болуы керек. Баланың ата-анасы, туған туысқандарын бәсіре малды ешқашан есінен шығармай, оған қатты көңіл бөледі. Оның аман-сау өсуін ержетіп келе жатқан баласымен қатар бақылап отырады.
Бәсіре малдың басына түскен ауыртпалығы арқылы баланың ілгеріде бақытты, бақытсыз боларын жорамалдау әдет болған, оны ырым еткен. Аңыз әңгімелерде баласы құлын күнінен бірге өскен аттар, иесі қауіп-қатерге, өлімге душар болғанда, басын төмен салып, көзіне жас алып, қайғырып тұратын болған.

Безимени-6Ахмет Тоқтабай, «Қазақ жылқысының тарихы»
(Жалғасы бар)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.