Қошқар батырдың көк аты

12562

… — Биыл жазда бір мәнәйі себеппен Крупская кеңшарына барғаным бар. Крупская кеңшарындағы, Қабырға ауылында тұратын, соғыста беті мен қолынан жараланып, денесін шұрқ-шұрық етіп оқ тескен, көпті көрген, зерек Сейдеғалиев Төлеубай ақсақалдан естігенім бар еді. Сол ауылда Сары руынан шыққан, Қошқар деген батыр аталары өмір сүріпті, — деп мен де әңгімеге араластым, — Қошқар батырдың желмен жарысатын көк бәйге аты болыпты. Қошқар Кенесары-Наурызбайлармен үзенгілес жорыққа бірге аттанып, сол жорықтардың бәріне көк атты мініп шығады екен.

Қошқар батыр да денелі, өте ірі адам болған, сол ауылдағы Қошқардың ұрпағы Есімсейіт ақсақалдың үйінен Қошқардың соғыста киген шығыршықталып жасалған темір сауытын ұстап көргем, сауыты кең және ауыр-ақ, ананы киіп көтеріп жүру үшін де көп күш керек, жобамен оны киген адам біздің Дәу Салықтай болатын шығар деп топшыладым.

Енді сондай дәу адамды жорықта көтеріп жүру үшін де аттың аты керек. Көк ат сирақты, биік, кеудесі көріктей, тұрқы ұзын ат болған екен. Кенесары қырғыз еліне жорыққа аттанбақшы болып, Төлек Жәуке батыр, Бегімбет Иман батыр мен Қошқар батырға «Қолын жиып келсін» деген хабар жібереді. Қолын жиып Қошқарға Иман батыр мен Жәуке батыр соғыпты, «Бізді жорыққа шақырып жатыр» деп. Қошқардың көріпкел қасиеті бар көрінеді. «Біз осы жолы бармай-ақ қояйық, Кенесары бұл жорықтан аман келмейді, сүйегі сол жақта қалады» деген екен. Бір-ақ, Жәуке мен Иман көнбеген соң «Ендеше менің мына көк атымды ал, осы сені соғыстан аман-есен алып шығып елге жеткізеді» деп атын Иманға беріпті. Батыр болжағандай Кенесарының сүйегі қырғыз елінде қалып, Иман көк атпен қоршаудан қашып шығып құтылыпты.

Сол көк ат әбден қартайып, тұруға шамасы келмей, шалғында күнін күтіп жатады екен. Батыр да аяйды, көп жыл сенімді серік болған атын қалай қисын. Содан, ауылдың жігіттеріне тапсырма беріпті: «Атқа мініп тобырмен шуылдап көк аттың жанынан шауып өтіңдер, ол жаны болса орнынан атып тұрып, тобырдың артынан ілесіп тұра шабуға тиіс. Жетер жеріне жетіп жығылады, сол жығылғанда жан тапсырады» деп. Көк ат, тобыр жанынан шулап өтіп бара жатқанда, атып тұрып, тобырға ілесіп тұра шауыпты, бір-сыпыра жерге дейін шауып барып әлі бітіп жығылған екен. Сол жығылғанда жан тапсырыпты. Қабырға ауылындағы Сары руының қорымында, Қошқар батырдың моласының басында іліулі тұрған үлкен аттың басын көргенмін. «Бұл батырдың атының басы» деп еді ауылдың ақсақалдары.

Albert agaАльберт Мүрсәлімнің «Қарагер» әңгімесінен ықшамдалып алынды

2 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.