Бөлім: Қазанат

Қойшығұл МҰСТАФАҰЛЫ. Әкемнің Теңбілкөгі

Туған жерім – Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Шахан ауылы. (бұрынғы Свердлов ауданы, Чапаев совхозы) 1969 жылы қыс өте қатты болып, қар бір метрден аса жауды. Бұл жылы колхоз, совхоздардың малы қырылып, Оңтүстік облыстардың бәрінің есінде…

Қойшығұл МҰСТАФАҰЛЫ. Аспантаудың Қоянкөгі

«Әркімнің туған жері – Мысыр шәрі» дейтін көне тәмсілді біздің ауылдың ақсақалдары да айтып отырар еді. Әкем рахмәтіллік «Қасиетіңнен айналайын, хазіреті Қаратау, онда алты алашқа қамқор болған, Бәйдібек бабаң жатыр», – деп өзі қолдан жасап…

Қойшығұл МҰСТАФАҰЛЫ. Тіленшінің Қарақасқасы

(Әкемнің әңгімесі) Біздің ауылдың табиғаты ерекше сұлу ғой, шіркін! Бір шетін бархан құмдар көркейтсе, екінші қиырында бойына талай тарихты бүгіп, құпиясын ағынымен әкетіп жатқан қарт Талас өзені бүлкіл қағады. Қырғыз тауларынан бастау алатын Таластың бір…

Жеткізген СЕЙІТОВ. Тұрардың Тайқасқасы

Құланды ауылындағы нағашым Мәжекеңдікіне бардым. Кенжеғали деген кіші баласы екеуміз далаға шықсақ қораның жанында байлаулы тұрған кішкене қасқа тайға көзім түсті, атқа әуестігім ұстап айналып қарап шықтым. Қасыма Кенжеғали келді.

Тәкен ӘЛІМҚҰЛОВ. Қош бол, Абсент!

Қатар-қатар орналасқан темір құрсаудағы жылқының тішілігі бір қалыпты өтіп жатады. Қолдан берген құнарлы азықтан диланған, қоңданған жануарлар тордағы арыстандай әсер етеді. Ауық-ауық тықыршып, шатқаяқтап, мойнын бұрып, табиғат азаттығын аңсайды. Ішқұсталық асқынғанда кісінеседі. Кәнігі атшы келгенде…

Сейіт КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ. Ботай шұбар

Мал баласы болса да, аузымен құс тістеген әйгілі жүйрік Ботай шұбардың аты мен ол жайындағы аңыздар әлі күнге дейін айтылып келе жатыр. Мұны кезінде палуан Қоқас, аңшы Конка, молда Қапыштар жыр қылып айтып отыратын еді…


error: Content is protected !!