Ел чемпионаты. Көкпардан орын үшін ойындар аяқталды

2875

Әулие ата жерінде көкпардан ересектер арасындағы XIX кезекті Республика чемпионатының 5-12-орын үшін өткен сайыста қай команданың нешінші орын алғаны анықталды.

Әуелі алаңға 5-6-орындар үшін Қызылорда облысы құрамасы мен СҚО құрамасы шықты. Бір-біріне сай ойын көрсеткен қос команда, айтарлықтай тартыс жасады. Ойынның алғашқы айналым 5:3 болып СҚО құрамасының пайдасымен аяқталды. Ал екінші айналымда солтүстіктің жігіттері есепті 8:5-ке жеткізді.

Салым салғандар:

Қызылорда облысы құрамасы: Асхат Мырзагелдинов – 1 салым, Алтай Қонқаев – 1 салым, Наурызқожа Әмзеев – 1 салым, Ақжан Ташжанов – 1 салым, Нұрлыбек Асқаров – 1 салым.

СҚО: Еркебұлан Дүйсеков – 3 салым, Бейбіт Амангелдинов – 2 салым, Нұрсұлтан Әбесов – 1 салым, Ринат Ибрагимов – 2 салым.

9-10-орындар үшін Нұр-Сұлтан қаласы «Астана» командасы мен Қостанай облысының құрамасы алаңға шықты. Сайыс өте тартысты өтті. Екі команда да бір-біріне сай, өте тартысты ойын көрсетті. Ойынның алғашқы айналымы 4:2 болып, «Астана» командасының жеңісімен аяқталды.

10 минуттық үзілістен соң алаңға қайта шыққан командалар, нағыз тартысты дода көрсете білді. Елордалықтар есепті еселей түсіп, 7 салым салғанда, Тобыл жігіттері салым санын 3-ке әрең жеткізді.

Сонымен ойын соңында жалпы есеп 7:3 болып, 9-орынға Нұр-Сұлтандық балуандар табан тіреді.

Салым салғандар:

Қостанай облысы құрамасы: Қобыланды Дайыров – 1 салым, Бақдәулет Асанов – 2 салым.

«Астана»: Азамат Хасенов – 2 салым, Нұрболат Қартқожақ – 1 салым, Серікбол Айболұлы – 1 салым, Ерлан Қанапин – 2 салым, Арслан Қабжанов – 1 салым.

Айта кетейік, бүгінгі додада үшінші болып — 11-12 орындар үшін алаңға шығатын Маңғыстау облысы «Адай ата» командасы мен Қарағанды облысы құрамасы өзара келісіммен және аттардың болдыруына байланысты сайысқа түсуден бас тартты.

Осымен көкпардан ересектер арасындағы XIX кезекті Республика чемпионатының орындар үшін кездесуі аяқталды.

5-орын СҚО құрамасы

6-орын Қызылорда облысы құрамасы

7-орын ШҚО құрамасы

8-орын Павлодар облысы «Сатты» командасы

9-орын Нұр-Сұлтан қаласы «Астана» командасы

10-орын Қостанай облысы құрамасы

11-орын Маңғыстау облысы «Адай ата» командасы

12-орын Қарағанды облысы құрамасы

13-орын Ақтөбе облысы «Әлім ата» командасы

14-орын БҚО құрамасы

15-орын Алматы қаласы құрамасы.

Ал 1-2, 3-4-орындар үшін, яғни финалдық ойындар ертең 26 мамыр күні Түркістан облысы мен Жамбыл облысының командалары және Атырау облысы мен Ақмола облысының командалары арасында өтетін болады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!