Жылқыға байланысты әдет-ғұрыптар. Тоқымқағар

10691

Жасөспірім бозбала тұңғыш рет сапарға аттанарда туған-туыс, көрші-қолаңдарын шақырып тамақ пісіріліп, дастарқан жайылып, тоқымқағар жасаған.
«Жігіттің тоқымы жерде қалмасын, ат-көлігі аман келсін», – деп бата беріледі. Сапардан аман-есен қайтып келгенде тағы да кісі шақырылып, дастарқан жайылады. Мұны «тоқым салар», «тоқым қағар», «тоқым сілкер» деп атайды. Қазақта «ат қойып, айдар тағу» деген салт бар. Ат қою, балаға есім беру – сәби дүниеге келе салысымен орындалады. «…Айдар – жылқының құйрық-жалына алтындаған зер қосып жіңішке қылып өрілген бау. Оны осы бір айтулы күні басқа жұрттан ата-тегін айырып, айқындап көрсету үшін жігіттің кежегесіне тағады… Ал кежеге – түркі бабаларымыздың желкесіне түсірілген бір өрім шашы… Жалпы қазақта ер адамдардың шаш қоюы, кежеге жіберуі мұсылман дінін қабылдап, толық орныққанға, XIV ғасырларға дейін болған. Сал-серілер күні кешеге дейін ХІХ-ХХ ғ. басына кежеге жіберген. Қазіргі таңда кежеге қою Моңғолия қазақтарында кездеседі. «Кежегесі кейін тарту», «кежегесі кейін кету» деген сөздер «ісі ілгері баспады» дегенді білдіреді.
Бозбала 13-14 жасқа толысымен ер қаруы бес қаруды соқтырады. Қаруы соғылып біткен соң жігіт оны үстіне киіп, туған-туыстарына, жолдастарына, ел-жұртқа көрсетеді. Бата беретін батыр адам болмаған жағдайда атақты адамдардың бірі береді, мұны қару батасы дейді.
Беліңе садақ ілгейсің,
Тұлпар мініп желгейсің.
Қиядан жауың көрінсе,
Көрген жерден ілгейсің.
Ел иесі болған ерлерім,
Құтты қоныс болған жерлердің.
Көсегең сенің көгерсін.
Басыңнан бағың кетпесін,
Беделің артып өрлесін,
Аллаһу акбар!
Үй иесі тілеу жасайды. Қару соққан шеберлерге сыйлық береді.

Безимени-6Ахмет Тоқтабай, «Қазақ жылқысының тарихы»
(Жалғасы бар)

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!