Дархан МЫҢБАЙ: Елордада спорт және жылқы мұражайы ашылуы керек

3939

bfTNlNaIАстанада тағы да бірнеше музейлер салынуы керек. Бұл пікірді журналистерге берген сұхбатында ҚР Ұлттық музейінің директоры Дархан Мыңбай айтты.

«Музейлердің көп болғаны дұрыс. Санкт-Петербургтің өзінде 200-ден астам музей бар. Оның ішінде жекеменшік музейлер де жұмыс істейді. Сол сияқты бізде мамандандырылған бірнеше музей ашылғаны дұрыс деп ойлаймын. Мысалы, бізге қазіргі уақытта спорт музейі қажет. Қазақ «ер қанаты» атаған жылқыға да бір музей керек. Жылқы музейін асылтұқымды жылқы бағатын атбегілердің өзі-ақ жасап шығаратын еді. Сонымен қатар, Астанада құрылыс саласына арналған музей ашсақ та артық болмас еді», – деді Д.Мыңбай.

Бұл музейлердің қазіргі уақытта не себепті ашылмай отырғанына Дархан Мыңбай мырза ағылшын нақылымен жауап берді.

«Ағылшындарда «идея мен ақша қатар келмейді» деген қанатты сөз бар. Көптеген азаматтардың жаңа музейлер ашу туралы идеяларын білеміз. Ол идеялардың қажет екеніне әуелі шенеуніктердің көзін жеткізу керек», – деді Д.Мыңбай.

kazmuseum.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!