Жылқы — сырқаттарды емдей алатын бес жануардың бірі

5322

Ғалымдар адамдарды емдеулері мүмкін хайуандар тізімін тізіп, «шипагер-жануарлар» бестігін анықтады. Бұл туралы ufatime.ru хабарлады деп жазады ras.kz.

Зерттеушілердің пайымдаулары бойынша, шипагер-жануарлар бестігінің көшін мысық, ит, жылқы, ара мен жыландар бастайды.
Зерттеу жұмыстарын жүргізуге әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдердің ғалымдары қатысқан. Олар мысық тектестердің невроз және депрессия сырқаттарын, сондай-ақ ас қорыту жүйелерін емдеуге қабілетті екендеріне көз жеткізген.
Тәжірибе жасаушылар осы ретте мысықтың жанында 20 минут жатқан адамның қан қысымы мен жүрек соғысының қалыпқа келетінін дәлелдейтін айғақтар келтіреді. Ал зерттеу авторлары итті «тірі сканер» деп бағалап отыр. Себебі, төбеттер тіпті жаңа басталып келе жақтан қатерлі ісік ауруларының өзін анықтай алады екен.
Психикалық ауытқушылықтары бар кісілердің жылқыны көбірек пайдаланғандары абзал. Оның үстіне жайдақ мінген жандарға жылқының тигізер көмегі мен шипасы ерекше. Атпен серуендеу аутист-балаларға да пайдалы болып шықты.
Жыланның уы мен араның балы медицинада баяғыдан кеңінен қолданылады. Олар көп жағдайда ұмытшақтықпен және невралгиямен ауыратын адамдарға шипа береді.
Сол сияқты аяқ-қолдары мен буындары сырқырайтындар, жел-құздары барлар пайдаланады.

НҰР.кз

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!