Лос-Анджелесте ат оздырғандар

2759

ШҚО-ның 4 спортшысы Лос-Анджелес қаласында өткен әлемдік 14-ші арнайы Олимпиада ойындарынан ат спорты бойынша бірінші рет қатысып, 36 команда 120 қатысушы арасынан 2 алтын, 5 күміс және 1 қола медаль иеленді.
Облыс қана емес, ел намысын қорғап келген спортшыларға ҚР Мәжілісінің депутаты Николай Кузьмин алғысын білдірді.
– Жеңімпаздар Қазақстан құрамасы атынан ат спорты бойынша бірінші рет қатысып, жүлделі орын иеленіп елімізді жаңа қырынан танытты. Бұл спортшылардың ғана емес, ата-аналарының, қолдау көрсеткен демеушілердің жеңісі. Осы орайда ипотерапия орталығына және қолдау көрсеткен ШҚО әкімдігіне алғысымды білдіремін, – деді Николай Кузьмин.
Мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында өткен бәсекеге облыстан «Титан» ЖШС ипотерапия орталығында жаттыққан 4 спортшы аттанған. Қазақстан құрамасы жалпы саны 58 медаль иеленсе, оның 8-і шығысқазақстандықтардың қанжығасында.

“Шын ақпарат”

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!