ҚР ҚК атты әскерлер (сурет)

7020

Қарулы Күштерде әскери қызметшілермен қатар жануарлар да Отанды қорғап жүр. Кинологиялық бөлімшелер құрамында қарауыл, нарко-іздестіру және іздестіру қызметіне тартылған қызметтік иттерден басқа ҚР Құрлық әскерлерінің қызметінде жылқылар үлкен рөл атқарып отыр.

91678 әскери бөлімінде Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл ТМД-дағы бірден-бір таулы-қорықтық ротада жыл сайынғы атпен дайындау басталды. Бөлім әскери қызметшілері санынан құралған жаттықтырушы нұсқаушылар тұлпарлармен жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы сабақтар өткізеді.
Армияда жылқыларды пайдалану таулы жерлерде бөлімшелердің орналасуымен байланысты. Олар техника үшін қолжетімсіз жүріп өтілген жерде, тайыз соқпақ жолдарда, жаралыларды шығару, жеке құрамның жедел қозғалуын және өзге де тапсырмаларды орындау үшін бөлімшелердің іс-қимылдарын ұстап тұру кезінде жүктер мен оқ-дәрілерді тасымалдау үшін белсенді түрде қолданылады.

Әскери қызметшілер жаңадан келгендерді атқа мінуге, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, атқа мінудің негіздерін үйретеді. Үйрету барысында жылқылар кедергілер жолағын еңсереді, күрделі таулы жерде жеке құрамды тасымалдайды. Сондай-ақ оларға автоматтан шығатын қатты дыбыстарға үйренісу қажет. Жауынгерлік даярлық әртүрлі полигондарда өткізіледі. Алыс қашықтықтарға жылқыларды пойызбен тасымалдайды. Жердің географиялық ерекшеліктері мен жылдың мезгіліне қарамастан, аттар берілген тапсырманы орындайды.

Атқа міну дайындығы міндетті пән болып табылады. Ал полигондарда жылқылармен жұмыс жасау жоспарға байланысты айына бірнеше рет өтеді.

Сәйгүліктерді өзіміз тамақтандырамыз. Сұлы, кебек, бидай сияқты азық жемді жылқылар нормаға сәйкес күн сайын алып тұрады. Сонымен қатар дәрумендер береміз. Жануарларды ат қораның жеке қораларында ұстайды. Ротаға жылқылар үш жасында келеді, ал олардың қызмет ету мерзімі 5 жылды құрайды, — дейді таулы-қорықтық ротасының командирі аға лейтенант Бек Қамбарбекұлы.

Рота жанында жылқылардың денсаулығын қадағалап отыратын ветеринарлық пункт қызмет атқарады. Рота құрамында барлығы 52 жүйрік бар. Әрқайсысы бір-бір әскери қызметшіге бекітілген және өзінің мүкәммалдық нөмірі бар. Таулы-қорықтық ротадағы негізгі қызметтен басқа сәйгүліктердің өзге де «мәдени» өмірі бар. Олар 2015 жылы Таразда өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге қатысты. Түсірілімі Жаркент пен Қапшағайда өткен «Қазақ елі» фильмінің кейіпкерлері болды.

mod.gov.kz/kaz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!