Шөген спортынан Республика чемпионаты өтті

4777

shogenҚазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Республикалық ат үстіндегі шөген  турнирі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бектөбе ауылындағы ипподромда болды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

3 күндік жарысқа  4 команда — тараздық «Әулие-Ата», «Астана Поло клуб», Ақмола және Алматы облысының құрамалары қатысты.

Бірінші ойында алаң иелері Ақмола облысының командасын  7:1 есебімен жеңді. Турнирдің фавориті «Астана Поло клуб» Алматы  облысының өкілдерін 6:0 есебімен жеңді.

Жартылай финалда тараздықтар Алматы облысының құрамасымен кездесті. Ойын алаң иелерінің пайдасына 6:2 есебімен шешілді.

Сондай-ақ, жартылай финалда «Астана Поло клуб» Ақмола облысының өкілдерінен басым түсті. Есеп 9:2.

Үшінші орын үшін таласта 3:2 есебімен Ақмола облысының командасы жеңді.

Финалда  тараздық «Әулие-Ата» мен елордалық «Астана Поло клуб» кездесті. Ойын тартысты өтті. Ойынның соңғы минуттарында алаң иелері қарсылас шөгеншілер қақпасының кілтін тауып шешуші гол соқты. Осылайша ойын 5:4 есебімен аяқталды.

Мамыр айындағы жарыста жеңілген тараздықтар бұл жолы есе қайтарды.

shogen1Жүлдегерлер медальдар мен дипломдарға, сонымен қатар, турнир демеушісі «Самұрық Қазына» компаниясының сыйақыларына ие болды. Жеңімпаздарға 450 мың теңге, екінші орын иегерлеріне 250 мың, үшінші орын үшін — 150 мың берілді. Ал төртінші қатысушы үйіне 100 мың теңгемен қайтты, деп хабарлады облыстық  спорт және дене шынықтыру басқармасы.

2016 жылдың 1-3 маусым аралығында Тараз қаласының «Атшабар» ипподромында шөгеннен республикалық турнир өткізілді.

Турнирге Ақмола және Алматы облыстық шөген федерацияларының, сондай-ақ «Әулиеата» және «Astana Polo Club» клубтарының командалары қатысты.

Қазақстан шөген федерациясы турнирге келген жанкүйерлерге,қолдау көрсеткен БАҚ өкілдеріне, серіктестеріміз бен спортшыларға алғыс білдіреді.

shogen2Турнир күндері бойынша ойын қорытындысы:

 1 маусым – Алдын-ала кездесулер

«Әулиеата» шөген клубы VS Ақмола облысы шөген федерациясы 7:1

«Astana Polo Club» шөген клубы VS Алматы облысы шөген федерациясы 6:0

 2 маусым – Алдын-ала кездесулер

«Әулиеата» шөген клубы VS Алматы облысы шөген федерациясы 6:2

«Astana Polo Club»шөген клубы VS Ақмола облысы шөген федерациясы 9:2

 3 маусым – Ақтық кездесулер

Ақмола облысы шөген федерациясы VS Алматы облысының шөген федерациясы 3:2

«Әулиеата» шөген клубы VS«Astana Polo Club»шөген клубы 5:4

 Осылайша командалар келесі орындарға ие болды:

 орын–«Әулиеата»шөгенклубы

2 орын –«AstanaPoloClub»шөген клубы

3 орын — Ақмола облысы шөген федерациясы

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!