Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Президент кубогі сарапқа салынды

6773

Алматы облысы Жамбыл ауданының «Көкбастау» атшабарында Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырылған ҚР Президентінің Кубогіне арналған ат спорты түрлерінен республикалық жарыс өтті. Алғаш 1998 жылы Қарасай батырдың 400 жылдығына орай ұйымдастырылған шара осы жылы 19-шы рет өткізілді. 

Оған Қазақстанның түкпір-түкпірінен жəне Қырғызстан мемлекетінен 180-нен астам сайгүлік қатысты. Жиылған көпшілік жарыс бағдарламасында қарастырылған 5 шақырымға тай жарысы, 11 шақырымға құнан бəйге, 16 шақырымға топ бəйге, 9 шақырымға жорға, 25 шақырымға Аламан бəйге, сондай-ақ ұлттық ат спорты түрлерінен теңге ілу, аударыспақ, көкпар ойындарын тамашалады.
Жеңімпаздарға демеушілер мен ұйымдастырушылар тарапынан 7 темір тұлпар, ақшалай сыйлықтар жəне ҚР Президентінің Кубогі табысталды.

Нəтижелерге тоқталар болсақ:
Тай жарыста 1-ші келген Жамбыл ауданының атынан шапқан Нұрым Қырғызбайдың «Жұлдыз» атты сəйгүлігі. Оза шауып, 2-ші орынға ие болған Қарасай ауданы Жанколиковтар əулетінің баптаған «Темір» атты тайы. 3-ші — Көксу ауданының Мұрат Күлтеновтың «Еркеторы» атты сəйгүлігі. Жеңімпаздарға сəйкесінше Кубок жəне 150 000, 90 000, 50 000 теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Құнан бəйгеде Жамбыл облысынан келген Мұрат Өсербаевтің «Ажар» торысы бірінші келді. Екінші орынды да Жамбыл облысынан келген аузымен құс тістеген «Жадырат» атты Əлібек Жұмабектің құнаны иеленді. Үшінші көрсеткіш көрсеткен Қарасай ауданынан қосылған Сейітжан Қайқыбаевтың «Самир» атты жүйрігі болды.
Жеңімпазға Daweo Nexia автокөлігінің кілті табысталды.

Топ бəйгеде: 1 орын — Əлинұр Назарбаевтың «Сүлік қара» сəйгүлігі. Қарасай ауданы.
2 орын — Жамбыл ауданынан келген «Беріктас» атты Ұлан Омаровтың жүйрігі.
3 орын — Жамбыл облысының «Шехризат» атты торысы. Иесі Мұрат Өсербаев.

Аламан бəйгеде Қарасай ауданы атынан бəйгеге қосылған Əлинұр Назарбаевтың «Миллионер» атты жүйрігі топ жарды. Ол өзге сəйгүліктерден 25 шақырымда оқ бойы озып келді.
2-ші орын — Алакөл ауданының жəне 3-ші орын — Қарасай ауданынан келген жүйріктердің қанжығаларына байланды.

Аударыспақтан ақтық сында көпке созылған тартысты белдесуде жеңіс Тараз қаласынан келген Азамат Құлдыбаевқа бұйырды.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!