Жылқының ас қорыту жүйесіне әсер ететін шөптер

17262

Мал организмге қажет қоректік заттарды азық құрамында қабылдайды. Ал, өсімдік тектес азықтар организмде қиынырақ қорытылады, осымен байланысты малдың ас қорыту үдерісінің көптеген ерекшеліктері болады. Олардың арасындағы негізгілерінің бірі — микробиологиялық үдерістердің басымдығы.

kurttarzhМал қарыны ет қоректілер қарынынан құрылысы жағынан да, қызметі жағынан да күрделі.

ishek-karynЖылқы қарыны бір бөлімнен тұрса да, оның өзіне ғана тән құрылымдық ерекшеліктері бар. Өңештің қарынмен жалғасқан жерінде безсіз кілегейлі қабықпен астарланған аймақ — қарын құрышы болады. Оны қарын түбі мен пилорус аймағынан жіңішке кардиалық белдеу бөледі. Демек, жылқы қарнының кілегейлі қабығында төрт аймақ байқалады, олар: қарын құрышы, кардиалық, фундальдық және пилорус аймақтары. Қарынның жалпы сыйымдылығы 10-15 л. Қарын қимылы әлсіз, баяу атқарылады.

Қабылданған азық араласпай, рет-ретімен қатпарланып орналасады да, қышқыл қарын сөлі жынға бірте-бірте сіңеді. Осымен байланысты қарында екі үдеріс қатарлана (параллель) жүреді. Сілтілік орта сақталған қарын құрышында, сөл сіңіп үлгермеген жынның ортаңғы терең орналасқан бөліктерінде сілекей, микроорганизмдер және өсімдік ферменттерінің (фитоферменттер) әсерімен көмірсулар ыдырайды.

kurttarЖылқыда қарын сөлі толассыз бөлінеді. Тіпті 2-2,5 тәуліктік ашығудан соң да сөл бөлу қарқыны бәсеңдегенмен, үдеріс тоқтамайды. Сөл құрамында пепсин, химозин, липаза ферменттері болады. Тәулігіне жылқы 10-30 л қарын сөлін бөледі.

Жылқы ащы ішегі үш бөлімге — ұлтабар ұшына (жіңішке ішекке), аш ішекке, мықын ішекке бөлінеді.

Жылқынның тоқ ішегіндегі ас қорытуы ащы ішекте өңделген химус біртіндеп жеке-жеке үлеспен тоқ ішекке өтеді. Тоқ ішек үш бөлімнен тұрады. Олар бүйен, жиек ішек және тік ішек. Жылқыда жиек ішекті қарта деп атайды. Оның жалпы ұзындығы — 6-9 м, ал сыйымдылығы — 40-60 пайыз шамасында.

askortusТоқ ішекте ас қорыту жолының алдыңғы бөлімдерінде қорытылып үлгерілмеген қоректік заттар ыдырайды. Жылқынның тоқ ішегі азық қорыту және қоректік заттарды сіңіру үдерісінде маңызды қызмет атқарады. Жылқы бүйенінде микроорганизмдер саны мен популяциялық түрі жағынан әлдеқайда бай келеді (Мюллер, Шмидт).

Бүйенде белоктар ыдырап, амин қышқылдары түрленеді, аммиак, бактерия белоктары синтезделеді. Жылқыда рацион құрамындағы белоктың 39 пайызытоқ ішекте қорытылады. Бүйен мен қан айналым жүйесінің арасында зат алмасу үдерісі қарқынды жүреді. Жылқы бүйенде жүретін микробиологиялық және биохимиялық үдерістерідің маңызы өте зор. Жылқы бүйенінің сыйымдылығы қарынның сыйымдылығынан 2-2,5 есе көп, 32-37 л дейін жетеді. Жылқы бүйенінде азықтың қорытылуына онда өніп-өсетін микроорганизмдер (инфузориялар, бактериялар, ашытқылар) ферменттері де көп ықпал етеді. Осы микроорганизмдердің әрекетімен бүйенде сүт қышқылды ашу үдерісі жанданады, клетчатка ыдырайды. Рацион құрамындағы клетчатканың жылқыда — 40-50%-ытоқ ішекте қорытылады.

Бүйен микроорганизмдері әрекетімен қиын қорытылатын өсімдік белоктарын амин қышқылдары, төменгі қатардағы май қышқылдары, аммиак сияқты қосылыстар ыдырап, олардың өнімдерінен микроорганизмдер өз денесінің белоктарын түзеді. Бүйен химусындағы белоктың жалпы мөлшерінің 13% бактериялар, ал 25% — инфузориялар үлесіне тиеді. Бұл микроорганизмдер жиек ішекте (қартада) қорытылып, организм үшін қосымша қорек көзіне айналады.

askortuЖылқы қартасының ұзындығы 6-9 м, сыйымдылығы 100 л жетеді. Қартаның кілегейлі қабығында бүрлер болмайды, өте көп мөлшерде бокал тәрізді торшалар кездеседі. Кілегейлі қабық көптеген қатпарлар түзеді, онда без түтіктері ашылады. Қарта қабырғасындағы бездердің саны 100- 150 млн жетеді.

Жалпы жоғарыда айтылған жайыттар жылқынның физиологиясы. Біздің айтпағымыз жылқынның ас қорту жүйесіне әсер еткен сораң шөп жайлы. Бұл тұжырым ойды бастамас бұрың сораң шөпке қысқаша мәлімет бере өтейік.

Бізбелдік, (лат. Salicormia) – қызылқұйрық тұқымдас өсімдігіне жатады. Бұзаубас өсімдік сораң текті біржылдық шөптесін өсімдік, кейде бұташық өсімдік деп те аталады. Бұл өсімдік сор, сортаң жерлерде, теңіздің ащы көлдерінің жағалауында өседі. Өсімдікттің сабағы 5-30 см, тамыр түбінен бастап бұтақтанып, жалаң буындарға бөлінген. Түсі көк-жасыл, көбінесе қызғылт түсті болады. Жапырақтары кішкене қынапша тәрізді, масақшалары қысқа тұлғаға бекіген, ұзындығы 1-6 см, жуандығы 2-2,5 мм. Гүлдері 3-топқа жинақталған, жемісі домалақ болып келеді. Маусым-тамыз айларында гүлдеп жеміс салады. Дәрлік, тағамдық, мал азықтық өсімдік.

soran1Сораң шөп, бұл шөп асшы бұл шөпті түйе, қой жақсы жейді. Жылқы жануары аталған осы өсімдікпен азықтанып, жақсы қорек ретінде пайдаланбайды екен. Атырау облысында 1977 жылы қар қалың болып жəне жаңбыр жауып қар қатып қалып, жылқы тебіндей алмай қалады. Осыған байланысты жылқы ашығып күйілері төмендеп, биелер іш тастай бастады.

Сол жылы табын жылқыны аман сақтап қалу үшін, Каспии теңізінің жағалауындағы ойпаң жерге айдауға тура келеді. Амалсыздан 180 км қашық Жылы-Ой (Каспи ойпатына) жылқыны түсіреді. Теңіз жағалауында ащы сораң шөп көп өседі. Табын жылқы он күн бойы осы өсімдікті қорек етіп, жайылғасын жайылмай жусап тұруы көбейеді. Өкінішке қарай осы шөпті жеген табын жылқы денсаулығы нашарлап, қарындары кеуіп, қарындағы ас қорытуға қатынасатын қызыл құрты төгіліп түсе бастайды. Бұл жағдайдан кейін жылқышылар жылқыларды ойпаң жерден қырға айдап жал жалды қуалап (Жусан-Бұйрғын) шөпке жаяды. Қыратқа айдағаннан кейін жылқыларда қозғалыс пайда болып, іштері жүріп, азыққа тәбеті ашыла бастайды. Демек айтпағымыз сораң шөп-жылқы ішін кептіру мен қатар іштегі ас қортуға қатысатын микроорганизмдер мен құрттарды өлтіріп жіберуге мүмкіндік берген. Табын жылқыны аман-есен сақтап қалу, тек бас жылқышы Әділ Тұрсыновтың көрегендігінің арқасында туындаған.

Қорта айтқанда жылқы жайлымын дұрыс ұйымдастыра білмеу, шарушылыққа үлкен зиян-зардабын келтіреді.

Пайданылған әдебиеттер тізімі:

 1. Несіпбаев Т.Н. «Жануарлар физиологиясы».- Алматы: 2005ж.

2. Несіпбаев Т.Н. «Адам және Жануарлар физиологиясы» Алматы: 2015ж.

3. Махмұтов С.М, Божбанов А.Ж «Зоология» Алматы: 2008ж

4. Исхан Ж.Ж. «Жылқы шаруашылығынның приактикумы» Алматы: 2016ж.

Исхан Қайрат Жәлелұлы
Қазақ ұлттық аграрлық университеті
Тұрсынов Әділ Ақхасанұлы
Атырау облысы

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!