Жорға жарысы: «ЭКСПО кубогі» ақмолалық «Элвуд вэбтің» қанжығасында

7431

Астанада айтулы аламан болды. Бәйгенің 7 түрінен Елбасы жүлдесіне арналған «ЭКСПО кубогі» сарапқа салынды. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей. Жүзден жүйрік шыққан саңлақтарға бағалы сыйлықтар берілді.

Жарыс бағдарламасы бойынша аламан бәйге – 25 шақырым, топ бәйге – 15 шақырым, жорға жарысы – 7 шақырым, құнан бәйге – 7 шақырымға созылды. Ал дыз етпе, ұшқырлар екі топқа бөлініп, 2400 және 1800 метрге шапты. Ұлттық ойын түрлері аламан бәйге, топ бәйге, жорға аттар жарысы, құнан бәйге бойынша жүлде қоры – 36 млн теңгені құрады. Ал, ұшқыр аттар жарысында берілген сыйақы қоры – 63,6 млн теңге. Сома жүлдегерлер арасында 5-ші орынға дейін берілді.

Бұған дейін бәйгенің шымылдығын ашқан 2400 метрлік ұшқыр бәйге мен 25 шақырымға шапқан аламан бәйгенің жүлдегерлерін жариялаған болатынбыз. Енді назарларыңызға сауырынан су төгілмес 25 желжетпестің жүлдегерлерін атап көрсетсек.

І орын: Ақмола облысынан келген «Элвуд вэб» топ жарып, қанжығасына 1,2 млн теңге байланып, «ЭКСПО кубогін» өңгеріп қайтты. Д.Волков жаратқан күрең жорғаның иесі — М.Мұстафаев, ал шабандозы – М.Ахматов.

ІІ орын: Астана қаласының «Эдельвейс» атты торы жорғасы. В.Патрикеев тақымдаған тарланның қанжығасында 600 мың теңге кетті. Ат иесі – С.Түсіпбеков. Ал бапкері – Г.Матюх.

ІІІ орын: Алматы қаласынан келген «Цеппелина» атты торы бие алғашқы үштікті қорытындылады. Р.Қошқарбаевтың тақымында тулаған 11 жасар бедеудің қанжығасында 350 мың теңге бар. Те Эленаның «Цеппелинасын» баптайтын К.Петров.

Жүлделі төртінші орынға табан тіреген ОҚО-дан келген «Гейгон» атты тоқпақ жалды торы айғыр. Бес жасар торыны тақымдаған – А.Чибасов. Қ.Әділханға тиесілі «Гейгонның» бапкері – Н.Нұриев. Соңғы айналымда ғана өзгелерге жол беріп қойған «Гейгонның» қанжығасында 250 мың теңге бар.

Ал жүлдегерлердің соңы саналған бесінші орын Алматы облысының «Ұшар» атты жорғасына бұйырды. Әрі бапкері, әрі шабандозы К.Семчик тақымдаған «Ұшардың» ұтысы 150 мың теңге болды. «Ұшардың» иесі — К.Оспанов.

Шараның ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР «Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы», Астана Әкімдігі, Алматы облысының әкімдігі және «Қазақстанның бәйге түрлері қоғамы». Әлеуметтік серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!