Теңге ілуден II Азия чемпионатының ашылу салтанаты (ФОТО)

2278

Астанада Елорданың 20 жылдығына орай Теңге ілуден II Азия чемпионаты өз жалауын көтерді. 9 мемлекеттен 10 спортшы бағын сынаған чемпионаттың ашылу салтанатында қазақ халқының дәстүрлі ат спорты ойындарынан көріністер көрсетті. Онда Көкпар, Қыз қуу, жігіт сайысы, және жамбы атудан шабандоздар өз мықтылықтарын көрсетті.

Бұл жолғы маусымашар чемпионаттың ашылу салтанатына ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан, комитеттің үйлестірушісі – Марселлин Дэлли және комитеттің хатшысы Шамми Рана арнайы қонақ болды.

Осы орайда бұған дейін айтқанымыздай 2021 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Бүкіләлемдік бірінші этноспорт Олимпиадасының Қазақстанда өтетіні туралы ақпаратты ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорттар мен ойындар комитетінің төрағасы Халил Ахмед Хан мырза да қуаттады.

Ол өз сөзінде егер екіжақты келісім шарттар сәтті жүргізілсе 2021 жылы Қазақстан астанасында Бүкіләлемдік бірінші Этноспорт олимпиадасы өтетіндігін айтты.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!