Бүгін Ордабасы ауданында ерекше көкпар өтеді

3445

Бүгін Түркістан облысы Ордабасы ауданы, Темірлан ауылындағы Бекзат Саттарханов атындағы атшабарда ерекше көкпар өтеді.

Бұл көкпардың ерекшелігі сол – оны ұйымдасатырып отырған whatsapp әлеуметтік желісіндегі КӨКПАР.KZ тобының мүшелері.

Көкпар өтеді деп хабарландыру тарағалы да жарты жылға жуық уақыт болған. Топ мүшелері салмды өз араларынан шығарып, барлық жүлдені де өздері тағайындаған.

baskiim

«Қазіргі кезде 200-ге жуық адам өз мүмкіндіктеріне қарай салым берді. Жиналған қаржыға осы көкпар ойынын көруге келген адамдарға беру үшін КӨКПАР.KZ деген жазуы бар баскиім сатып алынды. Оның сыртында, бүгін сағат 12-де арнайы ас беріледі. Салым 50 мыңнан басталады. Жүлде түйе бастатқан 10 тоғыз. Екі «өгіз өлдіміз» бар. Баруы – түйе, қайтуы – тай» – дейді көкпарды ұйымдастырып жүрген азаматтардың бірі Сәкен Жұматаев.

serke

Айтпақшы, жаппай көкпар түрінде өтетін додаға салмағы 60 келі болатын төрт серке сойылыпты. «жер лайсаң болса, серкенің салмағы 80 келіге жақындап қалатын шығар» дейді көкпарға қатысушылар.

Ұйымдастырып жүрген жігіттердің қатарында Байбосын көке тай атаса, ел ішінде «Двон» палуан атанып кеткен көкпаршы түйе тарту еткен екен.

Мұнан бөлек, екі Мақсат, Мұхит, Мамыржан, Алдияр, Нұрбек, Ерхан т.б. азаматтар көкпардың ұйымдастырушылар. Жаппай көкпарға кемі 6000 адам келеді деген болжам бар. Еліміздің түкпір-түкпірінен, Қырғызстан, Өзбекстан, тіпті Тәжікстаннан көкпар сүйер азаматтар келді.

Айта кетейік, бүгінгі көкпар додасына ҚР Көкпар федерациясының басшысы Мұхтархан Ділдәбеков арнайы құттықтау жолдаған болатын.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!