Қызылордада Жастар чемпионаты басталды

1934

Қазақстар Республикасы Ұлттық спорт түрлерінен кезекті Жастар чемпионаты бүгін Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында байрағын көтерді.

Көкпардан ХІІІ, Аударыспақтан ХІІІ, Теңге ілуден ХІІІ, Жамбы атудан V рет өтетін дүбірлі доданың шымылдығы Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облысы көкпар құрамасы арасындағы додамен түрілді. 18 наурызға дейін жалғасатын додаға қатысуға еліміздің барлық өңірінен 14 команда қатысып жатыр.
Сонымен командалар арасындағы тартыс төмендегідей кесте бойынша өтеді:

15 наурыз (көкпар)

Маңғыстау – БҚО сағат 9-да (12:0 Маңғыстаудың пайдасында)
Ақтөбе – СҚО сағат 10-да (9:0 Ақтөбенің пайдасында)
Қызылорда – Қарағанды сағат 11-де
Алматы облысы – Атырау сағат 12-де
Алматы қаласы – Ақмола сағат 13-те
Түркістан облысы – ШҚО сағат 14-те

16 наурыз (көкпар)

БҚО – Қызылорда сағат 9-да
Қарағанды – Маңғыстау сағат 10-да
СҚО – Алматы облысы сағат 11-де
Ақтөбе – Атырау сағат 12-де
Ақмола – Жамбыл сағат 13-те
ШҚО – Павлодар сағат 14-те

17 наурыз

Теңге ілу – сағат 9-да
Жамбы ату – сағат 11-де

18 наурыз (көкпар)

БҚО – Қарағанды сағат 9-да
Қызылорда – Маңғыстау сағат 10-да
СҚО – Атырау сағат 11-де
Ақтөбе – Алматы облысы сағат 12-де
Алматы қаласы – Жамбыл сағат 13-те
Түркістан – Павлодар сағат 14-те

Чемпионаттың өзге де жаңалықтарын алдағы уақытта тұрақты беріп отыратын боламыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!