Жанболат АУПБАЕВ. Маршал мінген ат

8555

(Луговой жылқы заводының «Ғасыр пырағы» атанған арғымағы Абсенттің әкесі – 1945 жылдың 24 июніндегі Жеңіс парадына Совет Одағының маршалы Г.К.Жуков мінген Араб-Казбек жайындағы деректер).

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Жұлдыз» журналында белгілі жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың «Ат дүбірі» деген очеркі жарияланды. Автор бұл мақаласында «Ғасыр пырағы» атанған Луговой жылқы заводының төл перзенті әйгілі Абсент жайын тілге тиек ете отырып, Қазақстандағы ат спортының бүгінгі хал-жағдайына кеңінен тоқталған еді. Мұнда сонымен бірге халқымыздың ежелден бергі айнымас серігі – жылқы түлігінің тіршілігіне, тарихына қатысты қызықты деректер де көптеп келтірілген болатын. Солардың ішінде мына бір сөйлем жолдарының жүрегімізді лүп еткізгені бар.
«…Көрермен жұртшылықтың көз алдына келер ме екен? Мәселен, ең бірінші Жеңіс парады 1945 жылдың 24 июні күні өтті. Москвада, Қызыл алаңда болған Жеңістің тұңғыш парадын қабылдаған Совет Одағының төрт мәрте батыры, маршал Георгий Константинович Жуков еді. Ол кісі ақбоз атқа мініп шықты. Сондағы ақбоз ат – Араб, кәдімгі Абсенттің әкесі болатын».
1326047348_absent.jpg1Абент… Абсент… Рим, Токио қалаларындағы XVII, XVIII Олимпиадалық ойындардың жүлдегері, әлемнің төрт бұрышын түгел аралап, он екі жыл бойы қатарынан алдыңғы топтан көрінген есті арғымақты кім білмейді? Ол біздің республикамыздың, біздің республикамыз ғана емес, еліміздің ат спорты жөніндегі ары мен намысы болды ғой. 1956 жылдан 1970 жылға дейінгі аралықта бұл жануардың дүркіреген атақ даңқы ұрпақтан – ұрпаққа аңыз болып қалар әлі. Ал оның әкесі Арабатың Жеңіс парадына «қатысуы» қызық екен…
Не керек, аталмыш мақаладағы құпия жібінің ұшы қылтиып шығып тұрған қысқа сөйлдемдерді оқыған кезден біздің ойымыздан осы бір факт кетпей-ақ қойды. Ақыры арада міне, аттай екі жыл уақыт өткен соң Жамбылдағы Луговой жылқы заводы қайдасың деп тартып отыруға тура келді. Өйткені…
Абсент – Луговойда өмірге келген. Құнан шыққанға дейін осында бағып күтіліп, әлем құрлықтарындағы түрлі аламан бәйгелерге қатысқан бұл жануар 14 жылдан соң өз атамекеніне қайта оралған. Олай болса оның ата-тегі жайында завод музейінде нақты мәліметтер болуы тиіс қой.
…Оңашада келе жатқан адамға қашанда ой серік. «Алматы-Ташкент» автобусы алдымыздағы жатқан асфальт жолда үдемелі жылдамдық алған сайын, менің қиялым да сан тарапқа самғауда. Олардың кейбіреулері – адам.. ат… адамға деген ғасырлар бойғы адал қызметіне қатысты жайлар.
Мамандардың не деп түсіндіретінін, қайдам, біздің қарапайым ұығымымызда аттың адамға, қоғамға деген еңбегін былайша бағалауға болатын сияқты. Ол – Жылқы түлігінің ең алдымен – жұмыс көлігі екендігі. Оған бұл тақырыпқа қатысты арғы-бергі тарихтың бір ғана жарқын көрінісі кешегі Түркісиб шойын жолының құрылысын ғана алуға болады. Ұзындығы 1450 шақырымға созылған осы жанқиярлық істе – жылқы малы қазақтың алғашқы жұмысшы табымен бірге тауды бұзып, тасты басысты. Сол жылдарғы адал қызмет иесі болған жылқы малы арғы шеті Семейден Жалғызтөбеге.., одан Аягөзге дейін құлақ түбі тершіп кіре тасысты. Ал құрылыстың бергі беті Шу, Шоқпар, Айнабұлақ аралығында сауырын ақкөбік жауып, топырақ жалдарын үюге қатысты. Міне, адам қолғанаты аттың біздің социализм құрылысындағы бір ерен еңбегі осымен сипатталады.
137180_originalАт – Армия күші. Біздің мұндай тұжырымға келуімізге атты әскер тарихына қатысты төмендегідей фактілердің негіз болуы. Олар – сонау жеті жылдық соғыс кезіндегі пруссактардың Зеидлиц кавалериясы, француздардағы Мюрат атты әскерлернің даңқы, Россиядағы казак Платовтың жанкешті жорықтары жайындағы қызықты деректер. Ал, кешегі Азамат соғысындағы өзіміздің Бірінші Атты Армияның қимылы ше?.. Ер үстінен түспеген үш жылғы сұрапыл ұрыстардан соң революция салтаттыларының ақырғы жау ұясы Перекоп мойнағындағы Врангель армиясын талқандау үшін Батыстағы пандық Польша жерінен Каховкаға дейінгі мың шақырымдық маршын тарих күні бүгінге дейін көріп-білген емес десек қателеспеген болар едік. Одан кейінгі Орта Азиядағы басмашылармен шайқас, Ұлы Отан соғысындағы генерал доватор атты әскер корпусы.., генерал Белов жауынгерлерінің Берлинге кіруі.., міне, мұның бәрі де жоғарыдағы өзіміз сөз етіп отырған атқа, қасиетті түлік – жылқы малына қатысты жәйттер.
«Демек, – дейміз біз осы арада: – Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндеріндегі қиын-қыстау кезеңдерде біздің тылымыздағы асыл тұқымды жылқы заводтарының үклен роль атқарғаны сөзсіз. Өйткені майдандағы кавалериялық корпустарды мініс көлігімен қамтамасыз ету, жорық жолдарындағы зеңбіректерді тасымалдау, жауынгерлік кухня-асханалар мен далалық почта жүктерін жеткізу сияқты жұмыстарда ат әбден керек болған. Олай болса өзіміз бет алып келе жатқан Луговой жылқы заводының Жеңіс күнін сол кездері бір табан болса да жақындатып, оған өзіндік үлес қосқандығы анық. Бұл жайтқа да зер салу керек екен-ау.
Осындай ойлардың жетегіне ерген мен автобустан Луговойға таңғы сағат жеті шамасында келіп түстім. Жол шетіндегі сілтеме қалқадан аңғаруымша, жылқы заводы бұл жерден онша алыс емес сияқты. Жаяулап жүре беруге тура келді.
Ойланып келемін. Ойланып келе жатқан себебім – Абсенттің әкесі Арабтың Жеңіс парадына қалай, қашан барғандығы және оның өмірбаянының маған толық таныс емес екендігі. Көңілге демеу болар нәрсе – жазушының жоғарыда аты аталған шығармасындағы «Сондағы ақбоз ат – Араб, кәдімгі Абсенттің әкесі еді», – деген жалғыз сөйлемнің санамда жаңғырығып тұрып алуы. Кім біледі ол жаққа бұл жануар мүмкін Луговой емес, басқа жерден барған шығар. Соғыс кезінде біздің республикамызда Қарқара, Дегерес, Мұғалжар, Құланды жылқы заводтары жұмыс істеді ғой. Ал мұндай шаруашлықтар Сібір мен Орта Азияда қаншама еді десеңізші? Бірақ.. әй, бірақ Жеңіс парадын қабылдаған маршал асытындағы арғымақтың Ұлы Отан соғысынан кейінгі тағдыры әйтеуір осы заводпен байланысты болғаны анық. Олай деп айтуымызға Арабтың құлыны Абсенттің Ұлы Отан соғысынан кейін дәл осы заводта өмірге келуі.
rMX9k-XMYpQ…Қырғыз Алатауының бір сілемі – Сұлутөр бөктерінен алтын күрек есіп тұр. Қыстың қош айтысар соңғы қары – құсқанатыдан алашұбар болған төскей етегінде қыздың жиған жүгіндей ақшаңқан ауыл жатыр. Одан әріректегі қасқа жол бойымен бірде желіп, бірде шоқытып салтаттылар тобы салдыртып барады. Жылқышылар-ау, шамасы. Олардың астындағы аяқтарын алшаң басып, ауыздықтарын қарш-қарш шайнаған көсем жүрісті сәйгүліктер дүбірін естігенде қазір ұмыт болған, бірақ бір кездері өзіңе етене таныс жайлар есіңе түсіп, жанарың жасаурағандай…
…Завод директоры Иван Афанасьевич Финько, парторг Махан Есбаев және осы шаруашылықтағы кадрлар бөлімінің меңгеруішісі Әлібек Баялиевтермен арадағы алғашқы әңгіме осы кәдімгі ауызекі хабар алмасу – биылғы көктемдегі ауа райының ойнамалы мінез танытып тұрғанын мұның шаруашылық үшін қолайсыз болатынын тілге тиек етуден басталды. Содан соң біздер үстіміздегі жылы өтетін даңқты дата – Қзақа ССР-інің 60 жылдығын еске алдық. Ал сөз кезегі Жеңістің 35 жылдығына келгенде бұл мәселе Луговой жылқы заводының Ұлы Отан соғысы кезіндегі жұмыстары жайында өрістеп сала берді.
– Заводтың Ұлы Отан соғсы жылдарындағы тарихын жақсы білетін адам, ол мына – Әлекең. Өйткені бұл кісі 1939 жылдан бері осы жерден табан аудармай жұмыс істеп келеді, – дедй Иван Афанасьевич Финько.
Шаруашылықтағы кадрлар бөлімінң меңгерушісі Әлібек Баялиев ақсақалдың айтуына қарағанда, Ұлы Отан соғысы жылдарында 47-Луговой жылқы заводы елеулі жұмыстар жүргізе білген. Ол сол кездегі мұндағы 150 еңбеккердің 112-інің қолына қару алып, майданға аттануын былай қойғанда, аптал азаматтардың орнын басқан қарт жылқышылардың Қызыл Армия бөлімшелеріне 1941 жылы 390, 1942 жылы 410, 1943 жылы – 370, 1944 жылы – 350, 1945 жылы – 287 жылқы беруді қамтамасыз еткен қажырлы қимылынан айқын көрінеді.
– Бұл біздің жылқы заводының 1941-1945 жылдар аралығындағы қорғаныс мақсатына сәйкес атқарған жұмыстарының бір бөлігі ғана, – дейді Әлекең осы арада сәл үзіліс жасап, – ал шаруашылықтағы сол кездері еңбек еткен адамдардың , мамандардың, өзіңе керек деп табылатын басқа мәліметтердің бәрін іс қағаздарынан табуыңа болады.
Сөйтті де ол кісі сырты ақжемденіп тоза бастаған бір топ қағаз бумаларын алдыма қойды.
Қарап отырмын. Алғашқы беттерінде «1940», «1941», «1942»… «1948» деп жазылған тігінділерден заводтың осыдан 38-40 жыл бұрынғы тыныс-тіршілігін толық көз алдына елестетуге болатын сияқты. Мұнда майданға, басқа шаруашлықтарға жөнелтілген жылқылардың санын куәландыратын іс қағаздары… қолхат, еңбекшілерді жұмысқа алу жайындағы бұйырқтармен бірге Ш.Жанғазин, А.Толстунов, М.Потапов, А.Жұбанышев деген кісі аттары мен фамилиялары да әр жерден қылаң беруде. Байқап қарасақ, бұлар 1938-1950 жылдардағы осында қызмет атқарған шаруашылық диреторлары екн. Бір мезетте… иә, бір мезетте мұқабасына «1950 жыл» деп белгі соққан кіріс-шығыс қағаздарының жуан ортасына келгенімізде жүйкеміз солқ ете түскендей әсерде қалдық. «Ол – Араб» деген сөздің жанарымызға жасын отындай жалт етіп ілігуі еді.
«…Моквадағы Орталық әскери спорт клубынан Жамбылдағы 49-жылқы заводына әкелінген Араб-Казбек айғырын біздің шаруашылыққа жөнелітіуінің ерекше тездетілуіне назар аударылсын. Завод директоры В.В.Иванов. Декабрь, 1950 жыл».
Шаруашылықтың тыныс тіршілігіне орай беріліп жататын кәдуілгі көп бұйрықтардың бірі – ос документтің алды-артында пәлендей басы артық сөз жоқ. Елуінші жылдардың еңбекқор кеңсе қызметкері жоғарыдағы жолдарды сия қарындашпен жазып отырғанда, оның кейін тарихи деректерге айналарын білмей, өзінің күнделікті толтыратын іс қағаздарының бірі деген-ау, шамасы. Әйтпесе осының өзі құнды да. Құндысы сол – Араб-Казбектің қайдан, қашан келгені жайында мәлімет берілгенінде.
– Кешіріңіз. Мына бір бұйрықтың мазмұнын қалай түсінуге болады?
– Қанеки, көрелік.
Уақыт табынан сарғайған қағаз беттеріне көз жүгірткен Әлекең – Әлібек Баялиев аталмыш сөйлемдерді оқып болып аз-кем отырды да: «Бұл Жеңіс парадына маршалдардың маршалы мініп шыққан, кейін Семен Михайлович Буденныйдың бұйрығымен Жамбылдағы 49-заводқа жіберген Араб-Казбек айғырына байланысты берілген нұсқау ғой», – деді.
– Буденный?! Ол кісі сіздердің заводтарыңызды білген бе сонда?
-Білгені өз алдына, 1948 жылы бізбен іргелес жаңағы заводқа келіп те кеткен. Абсенттің әкесі арабтың Жамбыл жеріне келуінің өзі сол сапарға тығыз байланысты жай.

Абсенттің әкесі Араб. 1945 жылы Ұлы Жеңіс парадына В.Жуков мініп шыққан

Абсенттің әкесі Араб. 1945 жылы Ұлы Жеңіс парадына В.Жуков мініп шыққан

Бақсақ, әңгіме төркіні мынада екен. Соғысқа дейін және соғыстан кейін Жамбыл облысында екі жылқы шаруашылығы болған. Оның бірі осы Луговой да, екіншісі 49-завод. Соңғы шаруашылық қазір жоқ. Ол 1954 жылғы тың көтеру кезінде Луговоймен бірігіп кеткен. Совет Одағының маршалы С.М.Буденный 1948 жылы июнь айында Қазақстанға келген сапарында Жамбыл жеріндегі екі жылқы шаруашылығының бірі – 49-заводқа арнайы соғып, аялдайды. Осында болған кезінде білікті маман көзге ұрып тұрған бір кемшілікті дөп басады. Ол – мұндағы асыл тұқымды айғырлардың тым аз екендігі еді. Маршал жанындағы адамдарға осыны ескерткен кезде завод қызметкерлері: «Бұл іске Семен Михайловичтің өзі араласып көмек көрсетсе қалай болар екен, онсыз мұны шешу тым қиынға соғады», – деген ойларын айтады. Не керек сол жерде олар бір кездері маршал Г.К.Жуков мінген, кейін жасы келіп қалуына байланысты әскери ойындарға қатысудан босап, Москвадағы Орталық әскери – спорт клубында күтімде тұрған 18 жасар Араб-Казбекті Жамбылдағы 49-жылқы заводына жіберуге шешім қабылдайды. Мұның өзі асыл текті айғырдан тұқым алып қалудың бірден-бір тиімді жолы еді.
– Арабты Абсенттің әкесі деп атауымыздың негізгі төркіні осында, – дейді завод директоры Иван Афанасьевич Финько.
Енді бізге бәрі де түсінкті сияқты. Түсінікті болатыны, Араб-Казбек айғыры Жамбылдағы 49-жылқы заводына келген соң көп ұзамай Луговойға ауыстырылған. Ауыстырылу себебі – аудан басшыларының тың жерлерді игеруге байланысты жылқы шаруашылықтарын бір жерге жинақтап, оның орнына жаңа астық совхоздарын ұйымдастырғандығы еді. Луговой жылқы заводының директоры В.В.Ивановтың сол кездері: «Моквадағы Орталық әскери спорт клубынан Жамбылдағы 49-жылқы заводына әкелінген Араб-Казбек айғырын біздің шаруашлыққа ауыстыруды тездетуге ерекше назар аударылсын», – деп өз мамндарына мазасыздана нұсқау беруі осы жағдайға байланысты босла керек. Бұл әрине, орынды мазасыздану еді. Өйткені, атағы айдай әлемге беліглі асыл-текті арғымақтан қол созым жерде тұрып айырылып қалудың арты қаншалықты орны толмас өкініш екендігі кім-кімге болмасын түсінікті ғой. Міне, осындай жағдайлардан кейін барып, Луговойға келген Араб-Казбек арада бір жыл өткен соң артынан бүкіл әлем шулаған «Ғасыр пырағының» әкесі атанады. Ол – мал шаруашлығындағы ежелден қалыптасқан зоотехникалық ережеге сәйкес атасы – Арабтың – а, шешесі –Бұқараның – Б әріптерінен алып қойылған құлын – Абсент болатын.
…Завод директоры мен оның жанындағы мамандардың жоғарыдағы сөздерін тыңдап отырған менің ойыма осы орайда мына бір жайлар келді. Соның бірі – өзім іздеп келген шаруа – маршал мінген ақбоз аттың Москвадан Қазақстанға қалай келгендігі жайлы мәселеден толық хабардар болсам, екіншісі – Араб-Казбектің енді Ұлы Отан соғысына дейінгі тағдыры, яғни оның Москваға қай жерден барғандығы, Жеңіс парадына қатысу тарихы жайында туындаған сауалдарға жауап беруім еді.
– Манадан бергі әңгімеден мына жайға қаныққандаймыз, Иван Афанасьевич, – дедім мен арадағы үнсіздікті бұзып. – Ол – Араб-Казбектің Ұлы Отан соғысынан кейінгі өмірбаянының біздің республикамызбен тығыз байланысты екендігі. Ал оны Ұлы Отан соғысына дейінгі тағдыры ше? Сіз осыны білесіз бе?
– Бұл сұраққа жауап бермес бұрын сіз бен біз мына нәрсеге назар аударғанымыз жөн ғой деймін, – деді осы арада сөзге араласқан парторг Мақан Есбаев. – 1977 жылы Ұлы Октябрьдің 60 жылдығы мерекесі қарсаңында еліміздің теледидар экрандарында «Біздің өмірбаян» атты көп сериалы деректі фильмнің жүргені есіңізде ме?
– Иә, есімде.
– Есіңізде болса, сол ленталардың отызыншы жылдарға қатысты бөлігі қандай оқиғалармен сипатталған?
– Днепрогэс құрылысы… стахановшылар қозғалысы… Челюскиншілердің Солтүстік Мұзды мұхитқа жорығы… Төрт советтік комсомол қыздардың «Родина» самолетімен Москва-Владивосток аралығына қонбай ұшып, рекорд жасауы…
– Мұның бәрі дұрыс. Ал, ахалтеке арғымақтарға мінген түрікпен жігіттерінің Ашхабадтан Москваға тартқан шеруі ше?
Парторгтың ойын енді ғана түсінгендей болдым. Өйткені осы сәтте менің көз алдыма картина титрында, «1935» деп жазылған деректі лентадағы мына бәр эпизод елес беріп өткен еді.
…Экранда – Еділ бойындағы қалмақ даласы. Онда жетегіне бір-бір ат алған шабандоздар арттарынан будақ-будақ шаң қалдырып, құйғытып келеді. Диктордың сөзінен біз олардың Ашхабадтан Москваға ахалтеке арғымақтарымен баруға бел буған түрікпен жігіттері екенін естиміз. Міне, сол лентадан тағы бір көрініс. Бұл жолы Москвада. Ұзындығы 1400 шақырымдық жолды 84 күнде жүріп өткен жігіттерді Климент Ефремович Ворошилов қабылдап тұр. Кездесу соңында түрікпендік шабандоздар маршал алдынан ақбоз арғымақты арлы-берлі ойқастата алып өтті. Бұл олардың әскер басына деген сыйлық рәсімі еді.
– Сондағы ақбоз осы біз әңгіме етіп отырған Араб па?
– Иә, – дейді Мақан. Сөйтті де, – Қорғаныс комиссарына тарту етілген бұл жануар ол кезде бес жаста болған. Содан бастап ол Москвадағы Орталық әскери-спорт клубының қарамғына берілген. Ол он бес жасында Жеңіс парады кезінде маршал Г.К.Жуковтың тақымына тиген, – деген сөздерді қосып қойды.
– Өз өмірімде мен Арабтың жоғарыдағыдай тарихи оқиғаларға қатысуын көзбен көрген екі адаммен жақсы таныс болдым, – дейді осы арада сөзге араласқан Иван Афанасьевич. – Оның біріншісі – сонау елуінші жылдары Қазақ зоотехникалық-малдәрігерлік институтында оқытушылық қызмет атқарған ұстазым Петр Александрович Карасаев, екіншісі – 1948-1961 жылдарға дейін осы Луговой жылқы заводының директоры міндетін атқарған Вениамин Вениаминович Иванов еді. Профессор П.А.Карасаевтың Арабты жақсы білетіні, 1935 жылы түрікпен жігіттерінң Ашхабад-Москва аралығындағы ахалтеке аттарының шабысқа шыдамдылығын сынау марафонында оған өзінің мал дәрігері ретінде қатысып, барлық оқиғаларға куәгер болғандығында. Ал, В.В.Ивановқа келер болсақ Ұлы Отан соғысында генерал П.А.Беловтың атты әскер корпусында болған ол С.М.Буденный бұйрығымен Арабты Жеңіс парадына дайындаған бапкердің нақ өзі еді. Сол ат жайында сөз қозғалса болды екеуі де ішкен астарын жерге қоятын.
Иван Афанасьевич Финьконың мына сөзін естіп отырғанда мен қазір Кубаньдағы Краснодар жылқы заводының басшысы, бұрнғы Луговой шаруашылығының директоры Вениамин Вениаминович Ивановтың 1950 жылдың желтоқсанында Араб үшін неліктен мазасызданғанын енді түсінгендей болдым.
– Араб жайында біздің білетініміз осы. Одан арғысы өзіңізге мәлім шығар, – деді отырғандар. Иә, одан арғысы белгілі еді. Белгілі болатыны…

250px-jukov1«…Сағат онға үш минут қалғанда мен атпен Спасс қақпасының алдында болдым.
– Парад, тік тұр, – деген команда анық естілді. Командадан соң ду қол шапалақталды. Сағат 10.00-ды соқты.
Тілмен айтып жеткізу мүмкін емес, жүрек дүрсіл қағады… атымды тебініп. Қызыл алаңға бет алдым. Төңіректі әрбір орыс адамы үшін сүйікті әуенге айналған Глинканың «Даңқың артсын!» музыкасының құдіретті де салтанатты үні жайлады. Содан соң кенет тып-тыныш бола қалды да, парад командашысы Совет Одағының маршалы К.К.Рокосовскийдің сөздері ап-анық естілді. Ол да менен кем толқып тұрмаған болар. Оның рапорты менің бар назарымды аударып, сабырлы қалыпқа түсірді.»
(Г.К.Жуков. «Воспоминание и размышление». 691-692 стр).

***

…Қайтып келемін.
– Аңырақай даласын артқа тастаған автобус Фрунзеден өте бергенде алқынып қалғандай болады. Машина моторының күрк-күрк еткен «көксау жөтелінен» Қордай асуына таянғанымызды біліп, терезе әйнегінен сыртқа қарадым. Көзіме төбешіктердегі бүркіт, бұғы бейнелері шалынды. Осы сәтте ойыма жазушы Сәуірбек Бақбергеновтың «Ат дүбірі» очеркіндегі: «Біздің республика кең де, байтақ. Қазір оның тамаша тас жолдары көп. Бір кезде атпен ғана аса алатын асуларды бұзып-жарып жолдар салынған. Осы жолдармен жүріп келе жатқанда әр жерден арқардың, тау ешкінің, бүркіттің, жыртқыш құстардың мүсіндері көрінеді. Бұл не? Сұлулық па? Әлде символ ма? Сұлулық десең, олардың ешқайсысы жылқыдан сұлу емес. Символ ма? Ненің символы? Егер, символ болса, онда ең алдымен ат тұруға тиісті емес пе? Өйткені, осы күнгі сайрап жатқан жолдардың ең алғашқы сүресін салған бүркіт те, жыртқыш құс та емес, аттың тұяғы еді ғой? Ат басқан, ат асқан асулар, жолдарда сұлу арғымақтың, салтатты адамның, құлдыраңдаған құлынның мүсіндері тұрса жараспай ма? Ол неге жоқ?» – деген сөйлемдері оралады.
Иә, деймін мен іштей:: – Ол неге жоқ? Неге?..

262Жанболат Аупбаев,

(“Ер қанаты” жинағынан. Құрастырған автор)

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!