Қазақстан Жапонияға жылқы етін экспорттайды

446

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық жылқы мен жылқы етін экспорттау үшін Жапония нарығын ашты.

Жаңа нарықтың ашылуы алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы экспорттық әлеуетті дамыту аясында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті шетелдік әріптестерге алғашқы сұрау хат жолдаған еді. Онда қазақстандық фермерлер мен кәсіпкерлер Жапонияға жылқы етін жеткізуге мүдделі екені туралы айтылған болатын.

Ұзақ келіссөздердің нәтижесінде Жапония елінің Ауыл, орман және балық шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасынан жылқыларды сою және қайта өңдеу кезінде алынған ет, ет шикізаты мен субөнімдерді Жапонияға экспорттауға ветеринарлық сертификат берді. Ал, 2020 жылдың 25 мамырынан бастап экспорттың ашылуы туралы ресми хабарлама жіберді.

Бұрын қол жеткізілген келісімдерге сәйкес ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті өз өнімдерін экспорттауға дайын қазақстандық кәсіпорындардың тізімін жасады. Ет одағы, «Атамекен» ҰКП және Комитеттің облыстық аумақтық инспекциялары арқылы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге жіберілген сұранымға 34 отандық кәсіпорын өздерінің келісімдерін берді. Олар туралы ақпарат жақында жапон тарапына берілді.

Айта кету керек, Жапония елі тек жылқы етін ғана импорттауға емес, тірі жылқыларды да сою үшін алуға мүдделі.

Осы уақытқа дейін Жапонияға жылқы етін негізгі экспорттаушы ел Канада болды. Күн шығыс елінде жылқы еті ежелден шикі түрде пайдаланылады және деликатес болып саналады. Жоғары дәмдік сапасы үшін қабырғадан алынған ет ерекше бағаланады. Жылқы етінен суши мен сашими ет кесектері дайындалады.

Арғымақ.кз

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!