«Әулие ата» көкпар командасының негізін қалаушылардың бірі қаза болды

3360

Жамбыл облысының «Әулие ата» көкпар командасының негізін қалаушылардың бірі, оңтүстік өңірге белгілі шабандоз Ғалымжан Ақылов мезгілсіз қайтыс болды.

Ғалымжан Ақылов 1974 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауылында дүниеге келген.

Жамбыл облысы «Әулие ата» көкпар командасының негізін қалаушы, алғашқы ойыншыларының бірі. (2000 жылдан 2017 жылға дейін)

Көкпардан «Қазақстан Республикасының спорт шебері».

Жетістіктері:

Көкпардан Қазақстан Республикасының 7 дүркін жеңімпазы. (2005, 2007, 2009, 2010, 2013, 2015, 2016 жылдар)

«Ақ бидай» ауыл спортының екі реткі жеңімпазы. (2003, 2013 жылдар)

2003 жылғы Таразда өткен ЕуроАзия кубогінің иегері.

Ұлттық спорт түрлерінен республикалық турнирінің 3 дүркін жеңімпазы. (2004, 2011, 2015 жылдар)

2006 жылы Павлодарда өткен халықтар ойындарында Президент жүлдесінің жеңімпазы.

Ғалымжан соңғы екі жылдан бері көкпар ойнауды тоқтатып, жаттықтырушылықпен айналысып жүрген болатын. Оның тәрбиесін көрген жастар облысымыздың жас көкпаршыларының қатарын толтырып келеді.

Ғалымжан марқұмның артында қалған ағайын-туыстарына, ұрпақтарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз!

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!