2020 жылғы Қазақстандағы жылқы саны мен импорт-экспорты

5237

Жылдағы дәстүрмен Argymaq.kz сайты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне арнайы хат жолдап, 2020 жылғы жылқы саны қанша екенін сұраған болатын.

Естеріңізде болса, бұған дейін 2017, 2018 және 2019 жылдардағы жылқы санын да жариялаған болатынбыз.

Сонымен министрлік мәліметіне сәйкес 2020 жылы жылқы саны 3,1 млн басқа жеткен. Нақтырақ айтар болсақ – 3 118 256 бас. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 300 мың басқа артық.

Жылқы саны бойынша еліміз бойынша биыл да Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр. Бүгінгі таңда Шығыста – 426321 бас жылқы бар. (2019 жылы – 394,5 мың)

Екінші орынды 383152 бас жылқымен Қарағанды облысы иеленді. Өткен жылы аталған облыс жылқы саны бойынша алғашқы үштікті түйіндеген болатын. (2019 жылы – 337,2 мың)

Бұған дейін алғашқы екіден көрінген Түркістан облысы биыл Қарағандыға жол беріп, 377269 жылқы санатып, алғашқы үштікті түйіндеді. (2019 жылы – 346,4 мың)

Алматы облысы биыл да өткен жылғы көрсеткішін сақтап қалды. Еліміз бойынша төртінші орынға табан тіреген облыста жылқы саны – 353466. (2019 жылы – 326,3 мың)

Батыс Қазақстан облысы биыл да алғашқы бестікті түйіндеді. Жылқы сан – 223151. (2019 жылы – 192,8 мың).

Еліміздегі ең ірі қалалар бойынша 14219 жылқы санатқан Шымкент қаласы алғашқы орында. 832 жылқысы бар Алматы қаласы екінші орында болса, 356 жылқы санатқан Елорда мегополистердің соңына жайғасыпты.

ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәлметтеріне сәйкес 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларындағы жағдай бойынша жылқы етінің өндірісі шаруашылықтың барлық санаттарында 142,9 мың тоннаны құрайды.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және ЕАЭО мәлметтеріне сәйкес 2020 жылдың қаңтар-қараша айларының қортындысы бойынша құны 125,9 мың доллар болатын 41,6 тонна жылқы еті экспортталды. Ал жылқы етінің импорты 1955,1 тоннаны құрап, жалпы сомасы 4 534,1 мың долларға жетті.

Argymaq.kz

Басты фото: Сәрсенбек Қызайбек

2 comments

  1. Ақпантай 6 Наурыз, 2021 at 12:21 Ответить

    Мына дерек шын ба екен ? 1895 жылғы орыс патшалығының бүткіл мемлекеттік санағында , қазақ еліндегі жылқы саны шамамен 16 миллионнан асқан … мұнша мол болғаны шын ба ?

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!