Ел чемпионаты. БҚО бүгін де бір салым сала алмады

2185

Көкпардан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының екінші күнінде екінші ойын өткізген Алматы облысы құрама командасы мен БҚО құрамасы арасындағы ойын аса тартысты өтпеді.

Алматы облысының жігіттері бірден алаң тізгінін қолға алды. Кешегі Қостанай құрамасына кеткен есесін қайтаруға мықтап кіріскен Жетісу жігіттері барын салып бақты. Еңбектері де еш кетпеді, ойынның алғашқы таймының өзін 3:0 есебімен аяқтады.

Көкпардағы жеңісті шешетін – ат. Қанша мықты шабандоз болса да, астындағы аты сәйкеспесе ештеңе болмайды. Мысалы, кешегі Маңғыстау облысының құрамасы мен Нұр-Сұлтан қаласының ойынын алайық. Маңғыстауда өңшең мықты жігіттер болды. Ал «Астанада» жаңа құрам деуге болады. Көбі Маңғыстау ұтады деп ойлады. Нәтижеде астананың жастары алды. Себебі астаналықтардың аттары мықты болды. Мына БҚО мен Алматы облысының ойынында да Жетісу жігіттерінің аттары мықты екені көрініп тұр. БҚО-ның биыл дайындығы да осалдау болған секілді – дейді белгілі көкпаршы, «Әулие ата» командасының жетекшісі Нұрдәулет Момынов.

Сонымен кеше жеңіліс тапқан қос команданың бүгінгі жеңіс үшін тартысқан ойынының нәтижесін көрейік.

Алматы облысы құрамасының есеп ашқан көкпаршысы Смағұл Нұрсұлтан – 2 салым, Бостанбек Әлішер – 3 салым және Әбдірахманов Талғат, Тобажан Жанарыс, Құралбаев Әділеттер бір-бір салымнан салды.

Чемпионаттың екінші күні екінші болып алаңға шыққан Алматы облысы құрамасы мен БҚО құрамасы 6:0 есебімен ойынды аяқтады. Жетісу жігіттерінің пайдасында.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!