QAZSPORT-та жаңа жоба – «Сәйгүлік сыны» (ВИДЕО)

5143

QAZSPORT телеарнасы өткен жылдан бері «Сәйгүлік сыны» бағдарламасын эфирге ұсынып келеді.

Өткен жылы елімізге белгілі жүйріктердің, көкпар аттарының сынын айтып, танымал атбегілер жүйріктің, көкпар атының көзге көрінер нышандарын талдаған болатын.

Бағдарламаның биылғы жылғы алғашқы шығарылымы өткен сәрсенбі күні эфирге берілді. Онда Қазақстандағы жылқы тұқымдары, түрлері, типтері жайлы сөз қозғалды.

Бағдарлама жүргізушісі белгілі журналист, телеарнаның ұлттық спорт түрлерін жүргізетін коментаторы Қайырхан Мәулен.

Бұл менің жеке ойымнан туған дүние. Әлемдегі жылқы көрмелерін қарап отырып түркімендер ахалтекесімен, ағылшындар таза қанды аттарымен, арабтар өз жылқысымен мақтанып жатқан кезде, «мынау ұланғайыр даланы жылқының күшімен сақтап қалған қазақта өз жылқысы неге жоқ?» деген ой келді. Сол ойдың ұшқынымен қазақ жылқысының тарихы, қазақ жылқысының бүгіні, қазақ жылқысының ертеңі деген мәселелер алаңдатты. Содан ойлана келе, «Сәйгүлік сыны» жобасының биылғы маусымында QAZSPORT телеарнасының басшысы Нағи Бақытбектің қолдауымен қазақ жылқысының тұқымдары, типтері, түрлері туралы теле-бағдарлама жасауды қолға алдық – дейді Қайырхан Мәулен.

Бағдарламаның ұзақтығы 15 минут. Әр сәрсенбі сайын QAZSPORT арнасынан көрсетіледі.

Бұған дейін қазақ жылқысы жайлы теле-бағдарлама болған жоқ. Тиіп-қашып әр телеарна арнайы хабарлар жасағаны анық. Ал өткен жылдан бері Қайырхан Мәуленнің бастамасымен QAZSPORT арнасы қазақ жылқысына эфирден уақыт бөліп, халқымыздың асыл қазынасына көңіл аудара бастады.

Әріптестеріміздің әрекетіне берекет тілеп, істері жемісті болсын дейміз! Ал «Сәйгүлік сыны» бағдарламасының маусымдық алғашқы шығарылымын төмендегі видеодан тамашалай аласыздар.

Argymaq.kz

1 comment

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!