Юсупбек МУХЛИСОВ. «Мәлік ат»

12873

Тарбағатайдың таулы бөктеріндегі әсем «гүласпан» жайлауы. Оның бұлай аталуының қысқаша болса да тарихы бар. бұл өңірдегі жүздеген мөлдір бұлақ жағалауында қаптап хош иісті гүласпан гүлдері ашылады.
Әр жылы жазда осы бір шұрайлы жайлаудағы қазақ тамырым Қасеннің үйінде 3-4 апта болып қайтатынмын. Қасен менімен бір мектепте оқыған сабақтас жолдасым. Анасы Дәкен апай өте мейірімді бір мың болғыр жан еді. Өздерінің бір қора қойы, екі үйір жылқысы, он шақты сиырлары бра. Мұны өз балалары қарайды. Мен барғанда асты-үстіме түсіп, бәйек болатын. Мен де оларды қатты құрметтеуші едім.
Бұл жайлауға алғаш барғаным әлі есімде. Бұл 1938 жылдың июль айы еді. Тұнып тұрған көкорай шалғын бәйшешектер мен аппақ қазақ үйлерін көріп көңілім желпінген.
Қасеннің ауылы жайаудың орта шеніндегі бұлақ басында болатын. Ауыл шетіндегі көгенде отыз шақты қозы мен бес құлын жатыр. Аспанда ұшқан топ-топ жап-жасыл «құрқұр» құстары қалада өзіміз күнде көретін қарлығашты еске түсәрді. Сай-салада өріп жүрген қисапсыз мол мал бұл жайлаудың байлығы іспетті.
Ертесіне Қасен маған ат мінгізбек болып, қолына құрығын алды да жылқы жатқан жерге ертіп келді. Бұл кезде Дәкен апай бие сауып жатқан.
— Нүсіпбекке (ол мені осылай атайтын) ат ұстап бергелі жүрсің бе, Қасен?-деді орнынан тұрып, алжапқышына қолын сүртіп жатып. –Онда ана «Мәлік атты» ұста!-неге екені белгісіз, ол сәл күрсінді де күнге қарап. – Сабыр ет балам, «Мәлік аттың» дөңге өрлейтін уақыты жетіпті. Барып келсін, сонан соң ұстарсың.
Қасен де күнге қарап, бір үһледі де құрығын тастай беріп, көк майсаға отыра кетті. Жылқы алдымызда бір жерге үйіріліп, бірімен-бірі тістесіп жатыр. Дәкен апай мен Қасеннің бұл әңгімесінде не сыр барын білу үшін мен де Қасеннің жанына жайғастым. Сол-ақ екен, торы қасқа ат үйірінен жарыла шетке шығып, ауылдан екі-үш жүз метр күнбатыс деңгейге қарай кісіней шауып жөнелді. Құйрығына үкі тағылған, қара қою жалы жібекше желбіреп, ұшып барады.
Дәкен апай мен Қасен орындарынан ұшып тұрып, торы қасқаға қарай қалысты. Мен де еріксізден-еріксіз орнымнан тұрдым.
— «Мәлік-ат» дегеніміз осы, — Қасен тағы да ір үһлеп, орнына отыра берді, — бұл марқұм інімнің аты еді. Жыл сайын жайлауға шыққанда осы бір қылығымен інімізді еске түсіре береді.
— Демек, ініңнің аты Мәлік болғаны ғой?! — Мен білмек болған сыр ашыла бастағасын асыға сұрадым.
— Иә, ол қайтыс болған соң шешем оны інімнің есімімен атап кеткен.
— Інің қашан қайтыс болып еді?
— Биыл бесінші жыл.
— Ал, онда «Мәлік аттың» бұл дөңге шауып шығуының қандай сыры бар?
Қасен қызыл шырайлы еңгезердей жігіт болатын. Неге екені қайдам, оның өңі бұзылып, бір түрлі толқып қалды. Даусы да сәл дірілдегендей. Дөңнің басында күн батысқа қарап мына бір ғажайып әңгімені айтты.
— Біздің кір жуып, кіндік кескен қасиетті жеріміз мына арғы беттегі Сарыарқа деген жер екен. Әлде қалай бір ағымға еніп, 1930 жылы ол елімізді тастап, бұл жаққа өтіппіз. Ол кезде мен 12-де, ал Мәлік 10жаста екен. Бұл бетке келгеннен кейін екі жыл өткенде әкем жарықтық дүние салады. Жан тапсырар алдында Құсман деген домбырашыны шақыртып, «Елім-айды» айтқызып, ұзақ жылады. Сонан соң біздерге қарап: «Тіпті аспанда қалқып жүрген бұлттың да Отаны болады, балаларым. Өз Отанына қарай ұшқан құс қанаты талса, құйрығымен ұшады екен, қастерлі де қасиетті туған топырағы медет береді. Осы айтқанымды ұмытпаңдар!»
Інім Мәлікке әкемнің бұл өсиеті қатты әсер етіпті. Қолда малымыз жоқ кезде ол әр күні әнеу дөңнің үстіне жаяу шығып, Отан жаққа қарап, ұзақ тұратын. Кейін қолға мал оралған тұста «Мәлік атқа» мініп, үнемі сол әдетіне басатын. Жануар хайуан болса да осыған әдеттеніп алған. Інім Жайыр тауындағы қыстауымызда дерттен қайтыс болды. Сол жылы жаз жайлауға шыққан күнімізде «Мәлік ат» осы дөңге шығып, Отанымызды да, өлгенімізді де еске түсірмесін бе?! Мұның өзі бір қаралы сәт сияқты болған. Шешем жалма-жан аттың құйрығына інімнің үкісін тағып, «Мәлік ат» деп ат қойды. Содан бері оны мінбейміз. Ол ешқашан осы әдетінен танған емес. Әне, қараңызшы ақылды жануарды, қайтып оған еміренбейсің?
Қасен орнынан тұрып, құрығына таянған күйі «Мәліәк атқа» қарап қалды. «Мәлік ат» қамыс құлағын тікірейтіп, Мәліктің Отаны жаққа қарап тұр. Бұл дүниеде Отаннан ғәзіз нәрсе жоқ екен-ау деген ойға келдім.

262-281-39Юсупбек Мухлисов,
Ұйғыр тілінен аударған автор.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.