Атбегі кім, атбегілік не?

14653

Қазақ халқы атқұмар, құсқұмар халық. Ат пен құс – қазақ баласы үшін басты ермектерінің бірі. Ат пен құстың айырмашылығы бірі бәйгеге қосылып, келесісі аң ұстап беріп, иесін, жұртын қуанышқа бөлейді. Ал басқадай жағынан бұл екі өнердің жалпы сипаттама жайы бірдей. Екі өнер де баптауға негізделген. Содан да атты баптаушыларды – атбегілер, ал құсты баптаушыларды – құсбегілер деп атайды. Бұл екі өнер негіздес болғандықтан келешекте салыстыра сараласақ артық болмас еді.
Қазақ халқының атбегілік өнерінің де тамыры тым тереңде. Құстан бұрын көлік ретінде қажеттікке айналған. Құсты қолға үйретуді ғалымдар 2000 жылдан бұрын десе, атты одан да бұрын жуасытқанын қазба деректер және тастағы сызылған, қашалған сұлба бейнелерден аңғаруға әбден болады.
Қазақтың жүйрік аттарды қастерлеп, оларды баптап байлап, жаратып бәйгеге қосуын, яғни бапкерлік өнерін, іскерлігін атбегілік дейді. Ал жеке жүйріктерді баптаушыларды, жүйріктің қыры мен сырына қанық, мініскер адамдарды атбегілер деп атайды.
Кез келген адам атбегі бола алмайды. Бұған ата-бабадан жалғасқан жүйрік қосу дәстүрі бар ру, тайпалардан тараған адамдар, яғни атбегілік мұрагерлікті қабылдаған адамдар ғана икем келеді. Бұл тек қана қазақ, қырғыздарға тән.
Ал атбегілік өнер түркі-моңғол тектес тайпаларда көптеп сақталған. Қандас моңғол ағайындарда атбегілік өнер екерше дамыған. Сондықтан қандас, көшпенділер ұрпағы қазақ, моңғолдардың атбегілік өнерін салыстыра зерделесек, нағыз түркілік атбегілік өнерге қанық болмақпыз. Қазақтың атбегілік өнері қайтадан жанданып келеді. Алайда байырғы қалпынан айырылып қалғанын мойындай отырып, сол олқылықтың орнын біздер толықтыруымыз керек.

Биқұмар Кәмалашұлы, этнограф

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.