Ілияс ЖАНСҮГІРОВ. Жырым – жылқы
13.06.2014
18956

Жасымнан жылқы десе менің жаным,
Атырдым жылқы ішінде өмір таңын.
Жапанда жел жылқының үстінде өскем,
Мекендеп өмірімде аттың жалын.
Мал сырлас, аттың сыры маған мәлім,
Жырым – жылқы, жүйрік ат – салған әнім.
Аспан асты, жер жүзі кең сахара
Күн көріп атам қазақ келген мәлім.
Қазақтың жылқы аңсатқан жарлы, байын,
Жарлыны жалғыз атсыз алды уайым.
Сүйген жар, сенген достан жақын жылқы,
Білген жан бекер демес аттың жайын.
Бірге өскен бала күннен құлын, тайым,
Тор құнан көке мінген күн-түн сайын.
Аптада ағарса да сақал, шашым,
Атымды не бетіммен ұмытайын!
(Тақырыпқа орай Жеңіс Кәкенұлының «Тартылыс-1» картинасы пайдаланылды. http://www.kakenuly.kz/2012/12/tartylys-i/)
Тағы да оқыңыз...
-
Жылқының қасиеті
29.09.2014 -
Ардакүреңнің ақырғы бәйгесі
07.08.2023 -
Жетісудан Бейжіңге барған құла жорға
19.03.2022
Желі
-
Алматы ипподромы мемлекетке қайтарылды
01.09.2026 -
Жапан Алимов: Бүкір – бап тілемес жүйрік еді
25.08.2026 -
Ақбоз атты ару
18.08.2026 -
Белгілі жылқытанушы ғалым өмірден өтті
17.08.2026 -
Ел құрамасы ДКО-ға дайындықты бастады
21.07.2026 -
Павлодарда ашылған ипподромның артықшылығы
29.06.2026 -
Аламан бәйгенің аты бар да, заты қайда?
16.06.2026
Фильмдер
-
Украинаға сыйға берілген сәйгүлік (ВИДЕО)
01.03.2024 -
«Ева. Батыр қыз» фильмі жеңімпаз атанды
13.09.2023 -
«Ақжол, Самал» (деректі фильм)
26.03.2020
Argymaq FM
-
Ат жарысы – Дәлел Уәшев
11.07.2024 -
Қара жорға – Жолды Қосайұлы
27.05.2024 -
Салкүрең – Халық күйі
27.05.2024 -
Бозайғыр – Тәттімбет Қазанғапұлы
27.05.2024 -
Кербалақ – Байжігіт Жаулыұлы
27.05.2024
Ержанның ермегі
-
Жанғали екі тумайды
04.09.2026
© 2014-2026. Арғымақ Ұлттық танымдық порталы. Барлық құқықтар қорғалған













