Мұхамет-Салық Бабажанов. Сыншылық өнер

4376

Әйгілі Мұхамет-Салық Бабажановтың бұл мақаласы 1871 жылдың қаңтарында Ресейде жарық көретін «Журнал охоты»-дың 1-2 нөмірінде басылған еді. Түпнұсқада орыс тілінде жазылған мақаланы қазақшаға аудардық.

Осы орайда, оқырман қауымға ескерте кететін бір жай бар. Ол – мақалада «киргиз» деп берілген ұлт атауын argymaq.kz редакциясы «қазақ» деп беруді жөн көрді. Себебі, 19 ғасырда орыстар қазақтарды «киргиз» деп атаған болатын.

Argymaq.kz

Қазақтардың жүйрік аттары біртекті және нақты үлгіде пайда бола салмайды. Олардың түр-түсі мен тұрпаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан алдын-ала баптаусыз, сыртқы тұрпатынан немесе бәйгедегі шабысы арқылы алдын-ала тану өте қиын. Алайда қазақдың ат сынын жақсы білетін атбегілерінің талап ететін жалпы қасиеттері мен белгілері мынадай:

Бас сүйегі етсіз, ұзын; салпы ерін; көздері үлкен, отты; құлағы орташа; мойыны өте ұзын емес, жұмыр; кең кеуделі; тұрқы етсіздеу, кесек емес; терісі жұқа; құйрық-жалы қалыпты; сіңірі мен бұлшық еттері шымыр; шабы жұқа; сирақтары түзу, алайда артқы аяқтарының буыны бүгіңкі; тізелері ұзын; тұяғы мықты, бірақ тостаған тәріздес емес; ұзын да емес, қысқа да емес тұрпатты; шоқтығы биік; қозғалысы еркін, алайда биіктігі мен жалпы үлкендігі анықталмайды.

Біз, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес көптеген өзге де белгілермен толығатындықтан жоғарыда жазылған белгілерден өзге жалпы суреттеуіміз анағұрлым толық емес. Алайда бәйге аттарына тән жалпы ең басты белгілерін көрсеттік.

Біз журналистік шағын мақаладағы сипаттауларымызбен оқырмандарымызды қазақтардың жылқы өсіру ісімен толық таныстырдық деп ойламаймыз. Десек те, журнал оқырмандарының қызығушылығын аз да болса қанағаттандырсақ, сол арқылы отандық байлығымыздың тамаша саласы ат өсіру ісіне баспасөз арқылы өз үлесімізді қоса отырып, еңбегіміздің бағаланғаны деп білеміз.

(Соңы)

Естеріңізге сала кетейік, мақаланың басын мына жерден оқуға болады. Сонымен қатар, бұған дейінгі жалғасы мына жерде. Ал мақаладағы Ішкі Орда атбегілері жайлы жазылған бөлігін мына сілтеме арқылы оқуға болады. Сондай-ақ, мақаланың Сауран тұқымы жайлы бөлігі мына жерде. Бәйге атының түрлері жайлы жалғасы мына жерде.

Одан бөлек Бабажановтың «Арғымақ — Түркістан жылқысы» атты мақласын да біздің сайттан таба аласыздар.

Мұхамет-Салық Бабажанов,

«Журнал охоты» 1871 жыл

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.