Үлкеннарын тұлпарлары. Жидебайдағы жарыс

Taizhiren

1987 жылдың күзінде Семей облысы қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 90 жыл толуына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Алғашқы күні облыс орталығында салтанатты мәжіліс өтті.

…Жидебайдағы мерейтойдың ат спорты бағдарламасына қатысу үшін Ленин атындағы ұжымшар екі жылқы алып келген еді. Тайжирен аламан бәйгеге, ал Ақбақай екінші, қысқа қашықтықта өнер көрсетуге дайындалған. Бірақ, соңғы сәтте ұйымдастырушылар бір ғана бәйге өткізуге шешім қабылдады да, барлық қатысушыларға аламан бәйгеге қосылуға тура келді.

Сөреден бірден бес ат суырылып алға шықты. Оның ішінде Ленин атындағы ұжымшардың екі сәйгүлігі бар еді. Сондай-ақ Семей облысының Ақсуат ауданынан Еркежирен есімді жылқы болды. Қалған қатысушылар көшбасындағы тұлпарлардың үдей түскен шабысына ілесе алмай, алыстап қала берді. Қашықтықтың барлық тұсында Еркежирен өзінен еш қылқұйрықты оздырған жоқ. Осылайша, аламан бәйгені ұтып алды. Сәйкесінше, Ақбақай мен Тайжирен мәреге үшінші және төртінші болып келді. Былай қарағанда, нәтиже тым жаман емес. Себебі, бәйгеге Қазақстанның көптеген өңірінен үздік деген ондаған тұлпар қатысты. Алайда аламан аяқталған соң да Б.Кітапбаев еш масаттанған жоқ, тоқмейілсімеді де, өйткені Тайжирен бұл жарысқа мұқият даярланған әрі нағыз бабында болған-тын.

Үйге қайтқан кезде ұжымшар төрағасы көлікте екі шабандоз баладан аламанның қалай болғанын, басқа салт аттылар тарапынан қандай да бір қысым болған-болмағанын сұрады. Тайжиренге шапқан Жанболат Сүлейменов жеке басына ешкімнің зәбір көрсетпегенін, өйткені өздерінің басқа шабандоздардан қара үзіп кеткендерін айтты. Біздің аттардың екеуі де сыртқы шеңбермен шапқандарын, ал қалғандарының бәрі ішкі шеңбермен айналғандарын жеткізді. Б.Кітапбаевтың неліктен сыртқы шеңбермен шабуға шешім қабылдадыңдар деген сұрағына Жанболат сөреден көп ұзамай оларды милиция машинасы қуып жетіп, аттарының тағаланғаны себепті екеуінің сыртқы шеңберге ауысуын талап еткенін айтты.

Милиция көлігі біздің жүйріктерімізді қақпайлап, оларды ішкі шеңберден итеріп шығарған. Яғни, аттардың автокөлікке соғылмағанының өзі олжа деуге болады. Мінбе алдында шеңберлер бір жолаққа түйіседі де, бұрылыстан кейін қайта жарылады. Сыртқы шеңбер көп жыл бұрын салынған, ал ішкі жол осы жарысқа арналып төселген. Сірә, бұл толықтай бір мақсатта – 1985 жылдан бастап барлық жарыстарын жеңіп келе жатқан Тайжиренге тең емес жағдай тудыру үшін әдейі жасалған.

Бізде нақты ресми мәліметтер жоқ. Дегенмен, Жидебайдағы ішкі шеңбер сыртқы айналымнан бірнеше жүз метрге қысқа. Бұл айырмашылық жағдайын шамамен Алматы орталық ипподромы жолының техникалық мінездемесіне пайдалануға болады.

Айтпақшы, Тайжирен өз өміріндегі алғашқы ресми жарысқа 1985 жылы осы ипподромда шығып, аламан бәйгені ұтқан еді ғой. Бұл ипподромда сыртқы шеңбердің ұзындығы 2000 метрді, ал оған жалғас ішкі шеңбердің ұзындығы 1600 метрді құрайды. Ал Жидебайдағы ұзындығы бес шақырымға жуық шеңбермен аттар алты айналым жасаған болатын. Ұйымдастырушылар біздің сәйгүліктерімізді көп жыл бойы жерінің жоғары қабатын жел үрлеп, тастарын жалаңаштап тастаған шеңбермен қуалады.

Тайжирен тастақ топырақта аяғын зақымдап алып, төртінші аралықты қиындықпен аяқтады. Соңғы айналымның алдында ауруы тым батып кетсе керек, мүлдем тоқтап қалды. Бірақ шабандоздың қамшысынан кейін шабысын жалғады.

Осы бәйгеден соң оның аяғын ұзақ емдеді, «Рахман қайнары» шипажайының радонды суларына де апарды. Алайда толығымен жазылмады.

1988 жылы Тарбағатай ауданындағы Ақжарда өткен облыстық спартакиадада Тайжирен ақсаңдап, жарыс жолынан шығып қалды. Бұл бәйгеде Катонқарағай ауданының «Алтай» кеңшарынан келген Ербол Бердіғожиннің Торытөбелі ұтты. Еркежирен (Ақсуат ауданы) мәре сызығын екінші, новоберезовкалық Жетімжирен үшінші болып аттады.

Тамаша атбегілердің бірі Қадыр Нұрқанов баптаған ғажайып сәйгүлік Торытөбел Тайжирен шыққанға дейін облыстық спартакиададағы аламандарда өзіне тең келер жануар барын білмеген еді.

Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің мерейтойына арналған жарыс Тайжирен үшін қатерлі сын болды. Бәйге кезінде орын алған бұл жайттың адамның қарадүрсін арамзалығының бекзат жануарлар бәсіне де ожарлықпен басып кіретінінің көрінісі деуге болар.

Осылайша, бестіден шығып келе жатқан Тайжиреннің тамаша жүйріктік дәуреніне нүкте қойылды. Тұяғынан жел гулеген бұрынғы шабысты қалпына келтіру мүмкін болмады.

Марат Кітапбаев. argymaq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Please Do the Math      
 

Можно использовать следующие HTML-теги и атрибуты: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>