Сүйінші!!! Қазақ жылқы мұражайының негізі қаланды!

6528
Мұражай алдына орнатылатын арғымақ мүсіні (аяқталмаған)

Мұражай алдына орнатылатын арғымақ мүсіні (аяқталмаған)

Құрметті “Арғымақ.кз” порталының оқырмандары, сіздермен еліміз үшін ең сүйіншілі жаңалықтардың бірімен бөліскім келіп отыр! Батыс Қазақстан облысы, Қошанкөл ауылдық округінде ел сүйінер істің басталып жатқанын естідім. Ұлттың руханиятына жанашыр азаматтардың бастамасымен Қазақ жылқысына арналған тұңғыш мұражайдың іргетасы қаланыпты. Бұл туралы сол ауданның жергілікті “Ауыл айнасы” газетінің әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазылған:

Жәдігерлерді жинау барысы

Жәдігерлерді жинау барысы

“Бұдан бұрын жазылып, айтылып жүргендей “Ауыл айнасы” газеті қызметкерлерінің бастамасымен ауданымызда атакәсіп жылқыға арналған мұражай ашу мәселесі көтеріліп еді. Сол іске асуда. Қошанкөл ауылында мұражай жасақталуда. Бұл жұмысқа аудан әкімдігі, аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитова мұрындық болуда. Осындай игі істі қолдағандары үшін оларға рахметтен басқа айтарымыз жоқ.
15 мамыр күні Қошанкөл ауылдық округінің әкімі Аязбай Шамұратов бастаған экспедиция округтерді аралап, жылқы кәсібіне байланысты жәдігерлерді жинастырып қайтты. Елді аралағанда жәдігерлерді табуға көмектескен Көктерек ауылдық округінің әкімі Меңдіхан Халимуллинге және жылқы десе ішкен асын жерге қоятын ауыл азаматтары Нұрлан Нұғманов, Асхат Нұржанов, Апырайым Акчурин тағы басқаларына ризашылығымызды жеткіземіз. Бұл игі іске деген жанашырлық көзқарас деп түсінеміз.
“Ауыл айнасы” ақпарат газеті.

Murazhai1Ал осы істің басы-қасында болып, ұйымдастыруды қолға алып жүрген Гүлфия Күшбаева есімді қарындасымыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына былай деп хабарландыру қалдырыпты:

Murazhai2“Көпшілікке белгілі Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Қошанкөл ауылдық мәдениет үйінде қасиетті жануар жылқыға арналған мұражай жасақталу үстінде. “Іздеген – жетер мұратқа” дегендей осы іссапарымызда көптеген жылқыдан қалған ескі жәдігерлер таптық. Дегенмен бұл жеткіліксіз. Біз осыны қазірден бастап қолға алмасақ, ертең ұлттық құндылығымыз, яғни, қазақы жылқыны тек суреттен ғана тамашалауымыз мүмкін…((( Осыған байланысты мүмкін тұрғындар арасында жылқыдан қалған жәдігерлер, иә болмаса тарихта қалған бәйге аттары, атбегілер туралы деректер болса маған хабарласуыңызды сұраймын. БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ:8-711-44-32106″

Murazhai3Ел игілігі үшін басталып жатқан игі іске қолдау білдіріп, жәдігерлер берулеріңізді “Арғымақ.кз” порталы атынан біз де өтініп сұраймыз?!

Erzhan ZhaubayАрғымақ.кз порталының Бас редакторы Ержан Жаубай

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!