ҚР Қорғаныс министрлігінің жеке көкпар құрамасы (сурет)

3754

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында алғаш рет ұлттық спорт түрі «Көкпар» бойынша штаттық команда құрылды. Қарулы Күштерінің құрамасы АОСК-ның армиялық спортшылары мен таулы-егерьлік полктің әскери қызметшілерінен құрылды.

Армия орталық спорт клубы өкілдерінің айтуынша, осындай спорт түрінің енгізілуі мен штаттық команданың құрылуы армиялық спортшыларға спорттың бұл түрінде өнер көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге, кәсіби мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. Өйткені, қазақстандық армияда таулы жағдайда жауынгерлік арнайы операцияларға қатысу үшін арналған жекелеген бөлімше, яғни, жекелеген таулы-егерьлік полк бар. Бүгін, Астанада көкпардан армиялық құрамамыздың алғашқы өнер көрсетуі өтті. Достастық турнирінде армияшылар Қарағанды облысының құрамасымен теке тіреске түсті.

Жуырда ғана құрылған Қарулы Күштерінің көкпар бойынша құрама командасы бастау алды. Құрама команданың құрылуының негізгі мақсаты Қарулы Күштер бойынша республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстарда өнер көрсету», – деді Спорт комитетінің төрағасы – ҚР ҚМ АОСК-ның бастығы Айталап Қорғамбаев. Қарулы Күштер құрамасының дебюттік ойыны 3:1 есебімен армиялық спортшылардың жеңісімен аяқталды. «Өмірімді әскери іспен байланыстырамын деп ешқашан ойламаппын. Алайда, АОСК-да көкпардан команда жасақталғанын естіп, мен спорттық ротада қызмет етуге бардым және әрі қарай өмірімді әскери іспен байланыстыруды жоспарлаудамын, – деп АОСК спорттық ротасының мерзімді қызметтегі сарбазы Данияр Ғаллинұров атап өтті.

Таулы-егерьлік полктің сержанты Азат Жидебековтің айтуы бойынша полкте қызмет ету үшін әскери қызметшілер атқа мінудің қыр-сырын білуі, сондай-ақ дене және жауынгерлік даярлығы да керемет болуы тиіс. Сондықтан болар, көкпармен шұғылданатын бозбалалардың, мәселен, атқа мінуде шеберліктері бар ауыл балалары әскерге келеді. Бұл бозбалалардың мерзімді әскери қызмет өткергеннен кейін таулы-егерьлік полкте немесе ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубында қызмет етуге барлық мүмкіндіктері бар.

baq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!