«Жамбы атқан» жігіттер мергендігімен танылды (фото)

3490

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай Елордадағы «Қазанат» атшабарында өткен «Астана жұлдызы» руспубликалық турнирі барысында ұмыт қалып бара жатқан тағы бір тамаша өнеріміз «Жамбы ату» сайысынан бәсеке өтті.

Астана қаласының әкімдігінің қолдауымен Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған тартысты бәсеке елімізде алғаш рет өтіп отыр. Ұлттық спорттың оннан астам түрінен өткен сайысқа еліміздің 14 облысы мен Астана және Алматы қалаларынан спортшылар қатысуда.

Құралайды көзге атқан мергендердің ат үстінде атқан оғы нысанадан мүлт кеткен жоқ. Қазақ тарихында ерекше орны бар бұл ойынның ерекшелігі де сол ат пен адам бірін бірі ыммен түсіне білуі керек. Астыңдағы ат, тақымыңның қалай қимылдағанына орай ол да әрекет жасауға машықтанғаны абзал.

Бүгінгі республикалық тұңғыш турнирде көзге түскен шабандоздар арнайы сый-сияпат көрді.

Сонымен «Жамбы атуда» алдына жан салмаған Саян Қыстаубаев (Солақай мерген) үшінші орынды иеленді. Ал өзінің құралайды көзге атқан мергендігін танытқан Елдос Бадашов жүлделі екінші орынға тұрақтаса, Астана әкімдігі тіккен арнайы турнир кубогін еншілеген Бекқали Үзденбаев бірінші орыннан көрінді.

Естеріңізге сала кетейін, ертең, яғни 11-қыркүйек күні сағат 10:00-де Астана қаласынан 30 шақырым жердегі «Қабанбай батыр» ауылының маңында, батыр кесенесінің жанында дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді. Барамын деушілерге «Азия парк» ОСО жанынан арнайы автобустар қызмет көрсетеді.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!