ЭКСПО кезінде Астанада өтетін ұлттық ат спорты ойындары

6940

Еліміздің еңсесін көтеріп, алыс-жақындағы саяси да, рухани да, мүдделес те көршілерімізге қазақ елінің әлеуетін танытар ерекше көрменің басталуына да санаулы күндер қалды. Осыған орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігі БАҚ өкілдеріне Астананың іргесіндегі «Этноауыл» кешенін таныстырды.
«Этноауылдың» ең басты ерекшелігі – қазақтың ұлттық өнерін паш ететіндігінде. Осы орайда біз оқырмандарымызға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында «Этноауылда» өтетін ат спорты түрлерінен сайыстардың күнтізбесін ұсынбақпыз.

prezident-kubogi

Айтулы шараның бастамасын 11 маусым күні Елбасы жүлдесі үшін өтетін «ЭКСПО кубогі» бастайды. Бәйге түрлерінен өтетін бұл сайыста «Ұшқыр бәйге» (2,4 шақырым), «Аламан» (25 шақырым), Жорға жарысы (7 шақырым), Топ бәйге (15 шақырым), Құнан бәйге (7 шақырым), «Ұшқыр бәйге» (1,8 шақырым) қатарлы бәйге түрлерінен жарыс өтетін болады.

zhamby-atu

Мұнан кейінгі ат спортының бір түрі – «Жамбы ату». Биыл ЭКСПО аясында бұл сайыс түрінен «Алтын жебе» халықаралық турирі өтеді.
11-13 тамыз аралығында өтетін айтулы додаға Қазақстан, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан қатарлы 25 мемлекеттен 50-ге жуық сұр мерген бақ сынайды.

audaryspaq

Ұлттық спорттың, ат спортының жанкүйерлері үшін биылғы жылдың тағы бір ерекше оқиғасы ол – «Аударыспақтан» өтетін әлем чемпионаты.
15 мемлекеттен 60-қа жуық тастақым, құрыш білек палуандар сынға түсер дода 16-18 тамыз аралығында өтетіндігі белгілі болды.

kokpar14

Бұған дейін де оқырмандарымызға айтқанымыздай биылғы жыл Қазақ көкпары үшін дәуірлейтін жыл болғалы тұр. 20-28 тамыз аралығында сегіз күнге жалғасар серке тартыс көрменің көрігін қыздырып, көркін аша түсері анық.
Әлемнің 25 елінен 150-ден астам шабандоз қатысатын бұл доданың командалық ойынының өзі «Жаппай көкпарға» бергісіз болатын түрі бар. Олай дейтініміз дәл осы күндері «Көкпар» ойынынан Әлем кубогі сарапқа салынады.

khyz-khuu

Мұнан бөлек «Қыз қуу», «Теңге ілу», «Сайыс», т.б. қатарлы ұлттық ат спортының басқа да түрлерінен жарыстар өтеді. Ал әр апта сайын Қазақстанның әр облысы өзінің ұлттық спорт түрлерінен бәйге өткізетін болады.

altyn-tulpar

Ал биылғы жылғы «Алтын тұлпар» аламан бәйгеден ашық республика чемпионы 03 қыркүйек күні өтеді. 51 шақырымға созылған айтулы бәйгеге әзірге 120 саңлақ қатысуға өтініш білдірген.
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі жылдағыдай Қабанбай батыр ауылы маңында өтеді. Ал қалған сайыстардың барлығы да Астана іргесіндегі «Қазанат» атшабарында жүргізіледі.

Құрметті оқырман, бұл алдын-ала беріліп отырған мәлімет. Алдағы уақытта жарыстың уақыттары өзгеруі де мүмін, дер кезінде хабардар ететін боламыз.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!