Қазақстан халықаралық аламандар өткізуге мүмкіндік алуы мүмкін

1849

Қазақстан жылқы ауруларынан таза елдің мәртебесін алуы мүмкін. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

Оның айтуынша, бұндай мәртебе елімізде спорттық жылқы шаруашылығын кеңінен дамытуға мүмкіндік береді. Осы ретте вице-министр асыл тұқымды тұлпарлардың иелері көбінесе жылқы аурулары кең таралған елдердегі бәйгелерге қатысу тәуекеліне бармайтынын атап өтті.

Егер де Қазақстан жылқы ауруларынан еркін ел мәртебесіне алса, біз халықаралық ат жарыстарын өткізу үшін пайдаланылатын аймақтарды белгілейміз. Бұл тұрғыда дәстүрлі түрде Алматы және Ақмола облыстары қамтылмақ. Осы орайда біз елімізде халықаралық жарыстарды қабылдай аламыз,-деп атап өтті Г. Исаева.

inform.kz

 

 

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!