Алматы әкімдігінің қолдауымен қалада жаңа көкпар командасы құрылды

1600

Команда мамырдың 7-і күні Алматы ипподромында ұлттық спорт түрлері бойынша «Ұлы дала ойындары» фестивалінде алғашқы ойындарын өткізбек. Бүгінгі күні көкпаршылар фестивальге қызу дайындалып жатыр.

«Біз күніне екі рет таңертең жаттығу залында және түстен кейін атпен дайындаламыз. Осы турнирде Алматының намысын қорғаймыз. Әрине, ОҚО, Маңғыстау облыстарынан келетін қарсыластарымыз оңайға соқпасы анық, дегенмен өзімізге жеңіс тілейміз», — деді команда капитаны Түймебек Жұмалиев.

Қаланың бас құрамасында әртүрлі жастағы, тәжірибесі мол 12 спортшы жаттығады. Сонымен қатар, алматылық ұжымда жасы 18-ге толмаған жастар мен жасөспірім құрамалары да бар.

Айта кетсек, «Ұлы дала ойындары» фестивалінен кейін алматылық көкпаршылар 27 масымда Астанада өтетін ел чемпионатында қала намысын қорғайды.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!