В.И.Ленин қол қойған декрет

4727

Жылқы тұқымын асылдандыру мәселесінің ертенден келе жатқан көкейтесті мәселердің бірі екені белгілі. Бұл үшін жылқы шаруашылығы өркендеп, дұрыс жолға қойылған ат заводтары болуы шарт. Сол себептен де Совет өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде-ақ жылқы шаруашылығын дұрыс ұйымдастыруға ұйтқы, жаңа советтік ат заводы мен ат спортына бастама болған В.И.Лениннің қолы қойылған Халық Комиссарлар Советінің 1918 жылы 19 июньде «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» декреті шықты.
Жоғарыда аталған шаралармен қатар Қазақстанда спорттың ұлттық түрлерін дамытуға ерте бастан мән берілді. Соның нәтижесінде 1923 жылы жергілікті совет органдарының ұйымдастырып, басшылық етуімен ат шабу, жорға салыстыру, қыз қуу, жамбы ату, көкпар тарту ойындары өткізілді.
1924 жылы қаңтарда Оренбургтегі мемлеекеттік ипподромда ат жарысының жазғы маусымы ашылып, оған Қазақстанның таңдаулы деген шабандоздары қатысты.
Ал жиырмасыншы жылдардың соңында бірсыпыра жерлерде егін жинаудың табысты аяқталғаны құрметіне күзде сабантой өткізіліп, ат спортының ұлттық түрлерінен кең көлемде жарыстар ұйымдастырылды.
Осыдан былай қарай ат спортының ұлттық түрлеріне көңіл бөліне бастады. 1931 жылы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті жанындағы физкультура және спорт жөніндегі Жоғарғы Советі дене шынықтыру мәдениеті мен спортты, оның ішінде қазақтың ұлттық ат спорты мен ойындарын жандандыру мақсатымен, оларды ғылыми тұрғыдан зерттеу үшін қаржы бөледі.

262«Ер қанаты» жинағынан. Алматы — 1987. «Қайнар» баспасы
Құрастырған — Жанболат Аупбаев

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!