Көшпенділер ойындары: Қазақ аударыспақшылары – финалда

3323

Қырғызстанда өтіп жатқан ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан (эр эңиш) жартылай финалдық сайыстар өтті. Қазақ спортшылары қатарынан 5 аударыспақшы финалға жолдама алды.

Шолпон-Ата қаласындағы ипподромда жалдауын көтерген байрақты бәсеке 5 қыркүйек күні басталған. Аударыспақшылар бес салмақ бойынша сынға түсуіде. Ақтық сайыс 7 қыркүйек күні мәресіне жетеді.

Ақтық сынға жолдама алған жерлестеріміз Азамат Серғазин (60 кг), Ерназар Байғонов (70 кг), Арман Сағынбаев (80 кг), Сырым Ізбасаров (90 кг), Біржан Қосалиев (90+ кг).

Еске сала кетер болсақ, 2016 жылы өткен ІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан ұлттық құрама 2 алтын және 1 күміс жеңіп алған. Қазақ спортшылары қатарынан Сырым Ізбасаров (90 кг) мен Біржан Қосалиев (90+ кг) көшпенділер ойындарының  атанса, 70 келі салмақта өнер көрсеткен жерлесіміз Ерназар Байғонов күміс жүлде еншілеген.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2-8 қыркүйек аралығында өтеді. Жаһандық жарысқа 80-нен астам елдің 3000 жуық спортшысы қатысуда. Олар 37 спорт түрінен бақ сынайды. Дүбірлі додада Қазақстанның намысын 134 спортшы қорғайды.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!