Ел чемпионаты. Теңге ілуден Рахат Қомбаров Қазақстан чемпионы атанды

2598

Талас Алатауының бөктерінде байрағын көтерген Ұлттық ат спортынан Қазақстан чемпионатының төртінші күні Теңге ілуден ел чемпионы анықталды.

Ойын талабы бойынша 120 метр жерді 20 секундта шауып өтіп, жол бойында теңге түйілген 5 түйіншекті көтеруі керек.

Үш кезеңнен тұратын сайыста ептілік танытқан 20 жігіттен алғашқы айналымда іріктеліп 10 спортшы қалды.

Олар:

Айнабек Бердіқұлов (Жамбыл облысы) – ұпай жоқ, 13 секунд

Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы) – 1 ұпай, 16,10 секунд

Битөре Ахметәлі (Маңғысау облысы) – ұпай жоқ, 12,97 секунд

Мағжан Жеңісов (БҚО) – 1 ұпай, 10,47 секунд

Тимурхан Иманғалиев (Ақтөбе облысы) – 1 ұпай, 14 секунд

Елдос Асқарұлы (ШҚО) – ұпай жоқ, 16,12 секунд

Мұхамед Қанатбеков (ШҚО) – ұпай жоқ, 12,06 секунд

Ақтық бәсекеге осы 10 ойыншыдан 6 спортшы өтті. Өздеріңіз көріп отырғандай, ұпай саны көп және жылдамдығы жоғары спортшылар таңдалып алынды.

Олар:

Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы) – 2 ұпай, 15,32 секунд

Самат Әбиір (Атырау облысы) – ұпай жоқ, 18,98 секунд

Мағжан Жеңісов (БҚО) – ұпай жоқ, 12,50 секунд

Тимурхан Иманғалиев (Ақтөбе облысы) – 1 ұпай, 13,44 секунд

Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы) – 2 ұпай, 11,15 секунд

Рахат Қомбаров (Түркістан облысы) – 4 ұпай, 11,97 секунд

Ақтық бәсекеде сынған түскен ойыншылар өз ептілітерін танытты. Осы орайда, Теңге ілу ойынында Түркістан облысының аттары ойынға керемет төселгені көрініп тұрды.

Соңғы 6 ойыншыдан ұпай саны мен жылдамдық бойынша алдынғы орынға шыққан үш спортшы Қазақстан Республикасының Теңге ілуден ХІІІ кезекті өткен ел чемпионатының жеңімпаздары атанды.

ІІІ орын – Айдын Әшімжан (Жамбыл облысы) – 2 ұпай, 15,32 секунд

ІІ орын – Нұрбағлан Сәдуахас (Түркістан облысы) – 2 ұпай, 11,15 секунд

Қазақстан чемпионы (І орын) – Рахат Қомбаров (Түркістан облысы) – 4 ұпай, 11,97 секунд.

Естеріңізге сала кетейік, енді Жамбы атудан ел чемпионаты басталады.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!