Әйгілі Абсентке арналған деректі фильм таныстырылды

1879

Алматыдағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Ермек Тұрсыновтың киноклубында режиссер Бану Рамазанованың «Кедергілерді жеңу» деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Ата-баба мұрасы» циклі бойынша түсірген деректі фильмде Кеңес Одағындағы ат спортының аңызына айналған, 1952 жылы Жамбылға жақын орналасқан Луговой фермасында дүниеге келген ақалтеке айғыры – Абсент туралы және бүгінгі Қазақстандағы ат спортының мүмкіндіктері баяндалады.

Картинаның басты кейіпкері, қазақстандық атақты спортшылардың бірі Александр Тишков 35 жылдан астам ат спортымен айналысады. Белгілі бір жағдайларға байланысты, ол чемпионға бірнеше жеңіс әкелген атпен қоштасуға мәжбүр болады. Бірақ, ол, ештеңеге қарамастан өз ісінен бас тартпай адал болып қалды. Былтырғы жылдың қыркүйек айында спортшы Дос Фантом атты жаңа жылқысымен жарысқа қатысып, болашаққа үлкен жоспарлар құрды.

Ерте заманнан бері қазақтар шабандоз болған. Халқымыз әрдайым жылқыларды қастерлеген. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасында да шаңырақтың екі жағында екі пырақтың тұруы кездейсоқ емес. Абсенттің жетістігін қайталау, әрине, оңай емес, бірақ өзіңізге дұрыс мақсат қойсаңыз, кез-келген биіктерге жетуге болады. Мәселен, түсірілім басында фильмнің кейіпкерлерінің бірі Нұрила Тұрысбекова ат спортының халықаралық шебері болғысы келетінін мәлімдеді. Оның тілегі мен табандылығы бұл арманын фильмдегі жұмысымыз аяқталғанша жүзеге асыруға мүмкіндік берді, деді фильмнің режиссері Бану Рамазанова.

Деректі фильмнің түсірілімі былтыр жаздың ортасында Алматы облысында, «Дегерес» ауылының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған ат жарысы кезінде басталды. Сонымен қатар, түсірілім Оңтүстік Қазақстанның Тараз және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ташкентте (Өзбекстан) және «Свердлов облысы губернаторының кубогы» үшін өткен Бүкілресейлік жарыстар мен халықаралық және муниципалды ат жарыстары өткен Екатеринбург қаласында (Ресей) жалғасты.

Тұсаукесерге фильмнің режиссері және сценаристі Бану Рамазанова мен түсірілім тобы, басты кейіпкерлері – спорт шеберіне кандидат Чингиз Маликаждар, халықаралық спорт шеберлері Александр Тишков пен Нұрила Тұрысбекова, сондай-ақ «Қазақфильм» киностудиясы әкімшілігінің өкілдері қатысты.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!