«Ақжол, Самал» (деректі фильм)

2709

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының арнайы жобасы — «Ақжол, Самал» фильмінде бәйге мықтылары, шабандоз Ақжол Жұматай мен «Алтын Тұлпар» аламан бәйгесінде екі рет топ жарған Самал атты сәйгүлік туралы баяндалады.

2015 жылы Астанада өткен ІІ «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінде 51 шақырымды еркін бағындырған Самал атты жүйріктің даңқы бүгінде дүркіреп тұр. Қордайдан шыққан саңлақтың қаныда екі дүркін әлем чемпионы атанған әйгілі ғасыр жылқысы Абсенттің қаны бар. 2017 жылы да Самал «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінде шашасына шаң жұқтырмай жеке-дара келді.

Осы екі бәйгеде де Самалдың жалына жармасқан желтақым Ақжол Жұматай есімді шынашақтай бала еді. Бүгінге дейін бір өзі 100-ге жуық бәйге ұтқан Ақжолдың аламанда бағы жанып, жолы кесіліп көрмеген нағыз ақжолтай шабандоз екенін ел мойындады.

Сіздердің назарларыңызға ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының арнайы тапсырысымен түсірілген «Ақжол, Самал» деректіфильмін ұсынамыз, қабыл алыңыздар!

Ақжол жайлы толығырақ мына жерден оқыңыздар.

argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!