Ұлттық спорт жанашыры ердің жасына келді!

354

Бүгін белгілі ұлттық спорт жанашыры, ұлтжанды азамат, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының «Көкпар» спорты бойынша вице-президенті Мұхтар Имашевтің дүниеге келген күні.

Мұхтар Есенбекұлы Имашев   1970 жылы 8 тамызда бұрынғы Шымкент облысы,  Сайрам ауданы, Ақтас елді мекенінде  көп балалы отбасында дүниеге келген.

1987 жылы Ақжар орта мектебін тәмамдады.

Суретте: Ердің жасына келген Мұхтар Имашев, Бүкіләлемдік Этноспорт канфедерациясының президенті Билиал Ердоған және белгілі қоғам қайраткері Мұхаметжан Тазабек

Мұхтар  Имашев Шымкент қаласындағы Мемлекеттік Технология университетінде «инженер-экономист» мамандығы бойынша және Қазақ Мемлекеттік Заң университетінде «заңгер» мамандығы бойынша білім алған.

1993-1996 жылдар аралығында Шымкент облысы Қаржы бақылау басқармасында инспектор-ревизор лауазымында қызмет атқарды.

1997 жылдан қазіргі кезге  дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысып келеді.

2007 жылдан «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының тұрақты мүшесі.

ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеуханмен бірге

Кәсіпкер Мұхтар Есенбекұлы бірнеше жылдан бері ұлттық спорт жарыстарының жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, қауымдастық ұйымдастырған көптеген іс-шараларға белсене араласып келді.

Ердің жасы 50-ге келіп жатқан ұлттық спорт жанашырына argymaq.kz ұлттық танымдық порталы атынан алғысымызды білдіріп, ел жүгін арқалауда қаранардай қайыспас қажырлы бола беріңіз дейміз!

Өткен жылы желтоқсан айында өткен Алқа мәжілісінде ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу спорт түрлері бойынша жаңадан тағайындалған федерация басшылары мен вице-президенттерді көпшілікке таныстырған болатын.  Сол жиында «Көкпар» спорт түрі бойынша – Мұхтар Имашев  Қауымдастықтың вице-президенті қызметіне тағайындалған.

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!