Олар қазақ жылқысын жанындай көрген еді…

3067

Қазақстандағы жылқы шаруашылығы өзінің тарихи қалыптасқан дәстүріне байланысты ауыл шаруашылығының басқа салаларынан ерекшеленеді. Ол өз өнімдерін салыстырғанда тек ішкі нарыққа  ғана емес, сонымен бірге әлемдік бәсекелестік жағдайға қарай сыртқы рынокқа, экспортқа шығаруда да маңызды.Сондықтан, жылқы шаруашылығының маңыздылығын ескере отырып, жылқының өзіндік ерекшеліктерін жақсы білетін жоғары білімді білікті мал шаруашылығы мамандарын: мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологы (зоотехниктер), мал шаруашылығы менеджерлерін және зоотеxник-селекционерлерді дайындауда айтарлықтай сүбелі еңбек қосқан ұлағатты ұстаз Бегімбетова Гүлнар Садуақасқызы!

Ол академик И.Н.Нечаевтың жетекшілігімен Ресей «Бүкілодақтық жылқы шаруашылығы ғылыми-зерттеу» институтында «Влияние сроков выжеребки казахских лошадей на мясную продуктивности в условиях Приаральской пустыни» тақырыбына кандидаттық диссертация жұмысын қорғаған (1988). Қазақстандағы етті-сүтті бағытындағы «Мұғалжар» жылқы тұқымы мен оның Құланды тұқымішіндегі типінің және көптеген оқулықтар мен оқу-құралдардың авторы.

Ал, ҚР «Ет және сүт өнімі бағытындағы жергілікті жылқы тұқымдары» Республикалық палатаның директоры болып Еркегүл Тілегенқызы 2017 жылы палата мәжілісінде көпшіліктің қолдауымен сайланды. Бар-жоғы үш-ақ жылдың ішінде, “жылқы шаруашылығы” саласына өзінің сүбелі еңбегін қалдырды!

Еңбектерін атап айтатын болсақ:

1. Екі жыл қатар Республикалық деңгейде “жылқы шаруашылығы” саласы бойынша дәрістер мен ғылыми семинарларды ұйымдастырды.

2. Ақтөбе облысы бойынша жергілікті жылқылардың мәртебесін көтеру үшін жергілікті бюджеттен “жылқы шаруашылығы” саласына субсидия төлеуге атсалысты.

3. Корей Республикасының ғалымы Youra Yoon-мен бірлесе отырып «Жылқы қозғалысының GPS құрылғысы арқылы Liker-Talk LWD жүйесі бойынша бақылау» жүйесін іске асырды.

4. Ұлы дала жылқысын шет елдерге (Қытай, Корея, Жапон) таза экологиялық өнім ретінде экспорттауды ұйымдастырды.

Бұдан да басқа атқарар шаруалары мол еді. Жоспарлары мен қазақ жылқысын әлемге танытамын деген ой-армандары артында қалды. “Ажал — айтып келмейді” дейді халқымыз. Мезгілсіз уақытта жол апатынан Еркегүл Тілегенқызы өмірден озды!

Айтулы 2020 жылы арамыздан қазақ жылқысын дәріптеуші, ғылыми жетілдіріп жүрген қазақтың қос қызынан айрылып қаламыз деген ой да болмаған. ҚОШ, жылқы танушы ұстазым Гүлнар Садуақасқызы, ҚОШ құрдасым, қазақ жылқысын дәріптеуші Еркегүл Тілегенқызы!

Жатқан жерлеріңіз жайлы, топырақтарыңыз торқа, жолдастарыңыз Иман болсын! Аллам өз панасына алсын!

Argymaq.kz ұлттық танымдық порталы өмірден өткен әпкелеріміздің жақын-жұрағаттарына, туыс-бауырларына, бала-шағаларына қайғыра көңіл айтады!

А/ш.ғ.кандидаты, доцент Қайрат Исxан.
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің профессоры.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!