Ел чемпионаты. Бүгінгі ең тартысты ойын осы болды

665

Бұл пікірді Маңғыстау облысы мен Нұр-Сұлтан құрама командалары арасындағы тартысқа қатысты белгілі көкпаршы Жаныс Саев айты.

Кешегі өткен жеребе тарту рәсімінде аталған екі команданың бір-біріне қарсылас болғанын білген кезде-ақ, көкпар сүйер қауым бір-біріне қарасқан болатын. Маңғыстау облысының «Адай ата» командасы да, Нұр-Сұлтанның «Астана» командасы да осал емес.

Оны мына қос команданың құрамынан-ақ білуге болады:

Маңғыстау облысының құрама командасы

Абдыжапаров Абуғали

Дусембай Руслан

Мустапаев Ғалымжан

Мамбеткулов Бақыт

Акбаев Жорабек

Сейтбеков Темірлан

Қуанышұлы Жасұлан

Нұрманов Асанбай

Ибрагимов Ринат

Пупенко Александр

Болатов Айбек

Етреков Әнес

Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы

Амангельдинов Казбек

Қартқожақ Нұрболат

Онгарбаев Асқар

Хасенов Азамат

Ережеп Абай

Амалбеков Жақсылық

Тлебалдиев Елдос

Мәтжан Мейіржан

Киль Владимир

Каттабосынов Алижан

Кабжанов Арслан

Есенгельды Елжас

Екі команда да бұған дейін бірнеше рет кездескен. Бір-бірінің сырын өте жақсы білетін әккі ойыншылар. Сондықтан да болар, ойынның алғашқы таймында есеп 2-1-ге әрең жетті. «Астананың» пайдасында.

Алайда «Астана» бірінші тайм аяқталар сәтте бір қателік жіберді. Ойыншыны көлденеңінен соққаны үшін бір ойыншысы 5 минутқа «қаранарға» жіберілді.

Бұл жаттықтырушының қателігі. Ойыншыға ережені бұзбай, тәртіп сақтап ойнауды қадағалап тапсыру керек. «Астана» жақсы келе жатыр еді. Бір ойыншыны қойып, бір ат ойын тағдырын шешетін кезде, бір адамның «қаранарға» тұруы – үлкен олқылық. Сондықтан ойыншыны «қаранарға» тұрғызбауды қадағалау керек. Екеуі де мықты команда. Менің ойымша «Астана» жеңеді. Тәжірибелі, ұйымшыл команда екенін көрсетіп отыр – дейді көкпардың ардагері Жаныс Саев.

Сонымен ел күткен ерекше тартыстың есебіне келейік.

Қос команданың да осал еместігін айттық. Ойынның алғашқы минутында Маңғыстау командасының шабуылшысы, «Қазақстанның 100 жаңа есімінің» қатарына қосылған белгілі көкпаршы Александр Пупенко есеп ашты. Александр Пупенко – 1 салым, Ақбаев Жорабек – 1 салым және ойынның ең соңғы минутында Дусембай Руслан бір салым салды. Осымен «Адай ата» командасының еншісіндегі 3 салым белгілі болды.

Ал Нұр-Сұлтан командасының ойыншысы Мәтжан Мейіржан – 3 салым, Амалбек Жақсылық бір, Ережеп Абай бір, Амангелдинов Қазбек бір салым салып, есепті 6-3-ке жеткізді.

Ойын жоғары деңгейде тартыспен өтті.

BAQ.KZ

4 comments

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!