Ел чемпионаты. Нұр-Сұлтан құрамасы Бірінші лига жеңімпазы атанды

566

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен Көкпардан ел чемпионатында Бірінші лига ойындары аяқталды.

Бірінші лигада финалға жолдама алған Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы құрама командалары болатын. Екі команда да өте тартысты ойын көрсетті.

Қарағанды облысын құрамасы

Көрпебаев Дархан – мінген аты «Арда-жирен»

Сейітжапар Әбдуәлі – «Хан төбел»

Байгазиев Елдос – «Двадцатка»

Меден Медерали – «Месси»

Есмахаев Дидар – «Ақжал»

Карибаев Алмаз – «Тәштек»

Исақ Марғұлан – «Балта»

Шалғынбаев Рамазан – «Айкүрең»

Құлымбет Шадияр – «Рональдо»

Оспанов Ерлан – «Таусоғар»

Одесхан Еламан – «Бейбарыс»

Есенгельді Жеңіс – «Шырақ»

Нұр-Сұлтан қаласының құрамасы

Амангельдинов Казбек – мінген аты «Жетіген»

Қартқожақ Нұрболат – «Селжук»

Онгарбаев Асқар – «Басар»

Хасенов Азамат – «Ғұн»

Ережеп Абай – «Айшұбар»

Амалбеков Жақсылық – «Заңғар»

Тлебалдиев Елдос – «Бурабай»

Мәтжан Мейіржан – «Ханкөк»

Киль Владимир – «Асар»

Каттабосынов Алижан – «Хазар»

Кабжанов Арслан – «Хатар»

Есенгельды Елжас – «Мүбәрак»

Тараз төріндегі тартысты ойында елордалық жігіттер алаң тізгінін ойын соңына дейін қолда ұстады. Құрыш білек, тас тақым жігіттер, 33 кг серкені ат үстінде ұршықша үйіріп, көкпар көмбесінде асықша атты. Әсіресе Нұр-Сұлтан құрамасының белді ойыншысы Мәтжан Мейіржан астына мінген «Ханкөк» атты сәйгүлігімен ойын алаңында жұлдыздай ойнады.

Ойынның алғашқы айналымында есепті 3:0-мен аяқтаған қос құрама, екінші айналымда көкпар көрігін қыздыра түсті.

Тіпті, екінші таймның алғашқы минутында салым салып үлгерген Қарағанды жігіттері астаналықтарды абдыратып тастағанын несін жасырайық.

Дегенмен Ерлан Қанапиннің жігіттері есін тез жинады. Ойын соңында есеп – 7:2 болып аяқталды. Жеңіс – Нұр-Сұлтан құрамасының қоржынында.

Қарағанды құрамасына екі салым салған Меден Медерәлі мен Шалғынбаев Рамазан болды.

Ал астаналықтарға тиесілі 7 салымның бесеуін Мәтжан Мейіржан салса, Амалбеков Жақсылық пен Ережеп Абай бір-бір салым салып үлгерді.

Ойынға төрешілік жасағандар: Ортадағы төреші – Нұрдәулет Момынов, қапталдағы төрешілер Зиябек Жеткеров, Жасұлан Әлиев және Бақытжан Кенжебеков.

BAQ.KZ

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!