Қазақстанның еңбек сіңірген төрешісі Зиябек Жеткеров өмірден озды

6045

Төлеби аудандық көкпар федерациясының Құрметті президенті Зиябек Жеткеров 80 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Ел дамуына, әсіресе ұлттық спорттың, көкпардың дамуына ерекше үлес қосып, жастарға ұлттық руханиятымызды сіңіріп жүрген қазыналы қарттарымыздың бірі Зиябек Жеткеров  Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген.

Зиябек Жеткеров (сол жақта), Қуан Құрамаев, Жамалбек Тұратбеков

Байырғы көкпаршы, екі жылдан бері өз атында көкпардан жеке турнир өткізіп келе жатқан ардагер шабандоз осыдан бірнеше күн ғана бұрын Таразда өткен Көкпардан ересектер арасындағы Ел чемпионатында төрешілік жасаған еді.

Немере-шөбере сүйіп, қазыналы қарттыққа жеткен ақсақалдың қазасы ат сүйер қауымды, көкпар сүйер елді есеңгіретіп кетті. Зиябек ағамызды жақсы білетін азаматтар 6-7 сағат мызғымай ат үстінде жүре беретін еді деп еске алады.

Зиябек ағамыз “БАҚ индустри” ЖШС директоры Бақтияр Тоғайбаевпен бірге

Даңқты көкпар жанашыры, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген төреші Зиябек ақсақал жастайынан көкпар ойынын жанына серік етіп, отыз жылдан астам уақыттан бері ұлттық спортымызды дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

Зиябек ағамыз (оң жақта) көкпаршы інілерімен бірге.

Өзінің ізін басқан інілерін де ат спортына баулып, талай шәкірттерді шыңдаған азамат еді. Зиябек Жеткеров ағамыздың артында қалған ұрпақтарына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Даңқты көкпаршының есімі Қазақстанның жылқы сүйер, көкпар сүйер азаматтарының жүрегінде мәңгі сақталады.

Тартысты додадан соң төрешілер жиынында. Зиябек Жеткеров оң жақта, ортада Нұрхан Айтбаев және Жамалбек Тұратбеков

Зиябек Жеткеров ағамыздың Көкпардан ересектер арасындағы ХХ Ел чемпионатында төрешілік еткен сәттерінен бірнеше суретті назарларыңызға ұсындық. Осы чемпионат ол кісінің соңғы төрешілік қызметі боларын ешқайсымыз білген жоқпыз…

Зибек ағамыздың соңғы суреті

Argymaq.kz

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

error: Content is protected !!