Биенің құлындаған сәті (ФОТО/ВИДЕО)

4746

Бұл фотолардан және 13 минуттық видеодан биенің құлындаған сәтін көре аласыздар.

Құлынның дүниеге келген сәті ешкімге таңсық болмаса керек. Дегенмен, жылқы тақырыбын топтастырып, жинастырып жүргендіктен көз алдымызда болып жатқан табиғи құбылысты таспаға түсіріп алуды жөн көрдік.

Тұқымына, күтімі мен өскен ортасына байланысты қазіргі үй жылқысы орташа 15-20 жыл өмір сүреді. Жылқы жайлы қызықты деректер, адам нанғысыз аңыздар көп. Жаңа туған төлін құлын десе, 6 айға дейінгісін – жабағы, 6 айдан асқанын тай деп атайды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де жылқының құлындаған сәтінен суреттер жариялаған болатынбыз.

ПІКІР ЖАЗУ

Please Do the Math      
 

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

error: Content is protected !!